Этил спирті сілтілер мен әрекеттеседі : СН3-СН 2-ОН-+ НОNa = CH3 – CH2 – O – Na +H2 O
Этил спирті галогенсутектермен, мысалы, бромсутекпен әрекеттесіп бромэтан түзеді :
СН3 – СН2- ОН + НВr = CH3 –CH2 – Br +H2 O
Бұл реакцияда спирттегі гидроксотоп броммен алмасады.
Спирттің маңызды қасиеттерінің біріне дегидратациялану, яғни сусыздану жатады. Этил спиртін консентірлі күкірт қышқылының артық мөлшері мен қосып қыздырғанда этилен түзіледі :
СН3-СН2-ОН СН2 = СН2 + Н2О
Күкірт қышқылы суды өзіне қосып алады. Егер спирттің артық мөлшерін күкірт қышқылы мен қосып баяу қыздырса, этил спиртінің екі молекуласынан бір молекула су бөлінудің нәтижесіне жай эфир немесе диэтил эфирі түзіледі :
СН3-СН2-ОН+НО-СН2-СН3 СН3-СН2-О-СН2-СН3+Н 2О
Диэтил эфирі оңай буланатын от алғыш сұйық. Ол медицинада нар-коз, еріткіш ретінде қолданады. Ол жай эфирлердге жатады.
Жай эфирлер дегеніміз молекуларындағы көмірсутек радикалдары өзара отек атомы арқылы қосылған органикалық заттар. Олардың жалпы пормоласы R 1-O-R2. R1 және R2 көмірсутек радикалдары. Олар бірдей немесе әр түрлі болулары мүмкін.
Этил спирті қыздырғанда көкшіл жалынмен жанады :
С2 Н5 ОН + 3 О2 = 2 СО2 + 3Н 2О
Алынуы және қолданылуы. Этил спиртін әр түрлі тәсілдермен алады.
Биохимиялық әдіс бойынша тағамдық заттардағы (бидай, картоп т. б.) крах-малды ферменттердің әсерімен глюкозаны биологиялық катализатор – ашыт-қы ферментінің әсерімен спиртке айналдырады :
С 6Н 12О6 = 2С 2Н 5ОН +2СО2
Ашу кезінде этил спиртімен қатар “ сивуш майлары “ деп аталатын
пропил, изобутил, изометил спиртері де түзіледі. Ректификациялық айдау
арқылы оларды этил спиртінен бөледі.
Гидролиз әдісі бойынша кәзіргі кезде спирт өндіруге ағаш өндейтін
өнеркәсіптің қалдықтары (жонқа, жарамсыз ағаштар т. б.) пайдаланылады. Ағаш клетчаткасы немесе целлюлоза күкірт немесе фосфор қышқылының қатысумен гидролизденіп бірнеше сатылы процестерден кейін глюкозаға айналады, ал глюкозаны ашытып спиртке айналдырады.
Синтетикалық әдіс – кәзіргі кездегі спирт өндірудің ең маңызды жолы.
Бұл тәсіл бойынша жоғары қысымда, катализатор қатысында этиленді су буымен гидратациялау арқылы этил спиртін алады :
СН2 = СН2 + НОН – СН3 = СН2 – ОН
Азық – түліктен спирт алуға қарағанда синтетикалық жолмен этиленді гид-ратациялап спирт алу үш есе арзан түседі.
Этил спирті синтетикалық каучук, бояғыш заттар, сірке қышқылын синтездеуге қолданылады. Ол еріткіш және жанғыш зат ретінде пайда-лынады.
Достарыңызбен бөлісу: |