Лекциялардың ҚЫСҚаша мазмұны 2-ші бөлім 1-ші кредит шымкент- 2016



бет40/48
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#118797
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
Ор хим Биол лекц.

Көмірсутектердің табиғи қорлары.Көмірсутектердің табиғи қорларына табиғи газдар, мұнай, тас көмір, ағаштар, әр түрлі сланецтер жатады.
Табиғи газдар Табиғи жанғыш газдар жер қыртысында бос күйінде де, мұнаймен немесе тас көммірмен бірге де кездеседі. Мұнаймен бірге кездесетін газдарды қосалқы газдар дейді.
Табиғи газдар отынның ең пайдалы түрлерінің бірі. Өйткені табиғи газдар толық жанады және жылуды көп береді. Химиялық өнеркәсіптің дамуына байланысты табиғи газдарды көптеген маңызды органикалық заттарды өндіруде шикізат ретінде қолданылады. Табиғи газдардың құрамына метан, этан, пропан, бутан т.б. газдар кіреді. Кейбір табиғи газдардың құрамына инертті газдар, азот, көміртек (ІV) оксиді т. б. болады.


Мұнай. Мұнай май тәрізді, қара қоңыр немесе қара түсті сұйық зат. Ол судан жеңіл және суда ерімейді. Оның өзіне тән иісі болады.

Мұнайдың аса ірі кендері Куавказда (Баку, Грозый), Онтүстік оралда, Украинада, Орта Азияда, Қазақыстанда,Волга бойында, Сібірде, Сахалинаде кездеседі.
Мұнай органикалық заттардың, негізінен көмірсутектердің күрделі қоспасы. Оның құрамында сұйық, еріген қатты және газ тәрізді көмірсутектер болады. Әр түрлі жерлепде шығатын мұнайлардың құрамы бірдей емес. Батыс Украина, Грозный, Орта Азия мұнайлары негізінен қаныққан көмірсутектерден тұрады, Орал мұнайы ароматты көмірсутектерден түрады. Мұнайдың құрамына көмірсутектерден басқа оттекті, күкіртті, иазотты т. б. қосылыстар болады.
Мұнай шикі күйінде қолданылмайды. Қосалқы газдар мен судан тазартылған мұнайды өнеркәсіпте арнаулы ректификациялық коллоналарда айдау арқылы өңдейді. Ол үшін трубаларда 350 0С дейін қыздырылған мұнайды көлденең тесік тарелкалармен бөлінген ректификациялық колоннаға (ұзындығы 40 м ) жібереді. Колонна бойымен жоғары көтерілген мұнай буы салқындап көмірсутектердің қайнау температураларына сәйкес сұйық күйдегі мұнай өнімдеріне айналады.
Ең ауыр көмірсутекутер 300 0С шамасында колонаның төменгі жағында тарелкаларда соляр майын түзеді. 150 –300 0С аралығында керосин, 120 – 240 0С аралығында лигроин, ал колонаның ең жоғары жағында 40 – 200 0С аралығында бензин түзіледі. Бензин құрамында С 5 – С9 болатын көмірсутектер, керосинде, С 10 – С 16 болатын көмірсутектер болдады.
Мұнайды айдаудың қалдығын мазут дейді. Мазутты 300 С жоғары қыздырып өндегенде соляр майы мен әр түрлі машина майлары түзіледі. Мазуттан вазелин, парапин алады. Мазутты өндегеннен кейін гудрон қалады. Оны асфальт жол жасауға қолданады.
Мұнай өнімдерін халық шаруашылығында көп қолданады. Бензин самолеттер мен автомовильдерде жанармай ре,тінде қолданады. Керосин реактимві, трактор двигательдерінде және тұрмыста қолданады. Лигроин дизель двигателдерінде және бензин өндіруге қолданады. Соляр майы матор жанармайы ретінде, вазелинді медицинада, парапинді карбон қышқылдарын алуға, май шам жасуға қолданады. Вазелин сұйық және қатты көмірсутектердің қоспасынан тұрады.
Мұнай өнімдерінің ішінде ең көп қолданылатын маңыздысы бензин. Бірақ мұнайды айдағанда 20 % қана бензин түзіледі. Қазіргі кезде мұнайды қайта өндеу арқылы 80% – ке дейін бензин алады.
Мұнайды қайта өнде,уді крекинг дейді. Крекиг дегеніміз мұнайдағы ірі молекулаларды бензинді құрайтын ұсақ молекулаларға айналдыру. Крекинг процесін алғаш орыс ғалымы В.Г. Шухов ұсынады. Кретинг процесінің бірнеше түрі бар.
Термиялық крекинг. Бұл процесс кезінде ірі молекулалы көмірсутектерді ( мазутты т. б. ) жоғары температурада, 20 –70 атм қысымда ауа қатыстырмай қыздырып ұқсақ молекулалы көмірсутектерге айналдырады, мысалы:
С16Н34 С8Н188Н16

Осы әдіспен автомобиль бензиндерін өндіреді.


Катализдік крекинг процесін 450 С – та және катализатор АІ СІ 3 және алюмосиликаттар қатысында жүргізеді. Катализдік крекинг әдісімен авиация бензиндерін өндіреді.
Катализдік кретинг әдісімен ашық және түйық тізбекті қаныққан көмірсутектерді ( катализатор платина, молибден) ароматты көмірсутектерге айналдырады. Бұл бензиннің сапасын арттырады. Кретинг кезінде көп газдар бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет