2 Лекция Органиклық қосылыстардыдың құрылысын
талдау және анықтау әдістері
Органикалық қосылыстардың сапалық талдау Органикалық қосылыс құрамындағы көміртегі мен сутегін анықтау үшін мыс тотығымен қыз-дырып жандырады. Осының нәтижесінде көміртек қос тотығымен суды анықтауға болады:
(С,Н) + CuO Cu + CO2 + H2O
Ковалентті байланысқан азот, күкірт және галоген атомдарын анықтау үшін оларды бейорганикалық иондарға айналдырады. Ол үшін қосылысты металл натриймен балқытады:
( C, H, Hal, N, S) + Na Na+ Hal- + Na+ CN- + Na+S2- Na+
Азот – цианид ионына - CN- айналады, оның түзілгенін кейбір реагенттермен көк түске боялған берлин лазурін түзгенінен білуге болады.
Р2+, Fe3+
CN- берлин лазурі (көк түсті)
Күкірт – сульфид ионына S2--ге айналады, оны қорғасын ацетатына батырылған қағаздың қарайғанына қарап, күкірт сутегінің түзілгенінен байқалады:
Н+ Pb2+
S2- H2 S PbS (қара-қоңыр түсті)
Көпшілік жағдайда галогенді анықтау үшін натриймен балқыту әдісінің орнына, жеңілдеу әдісті- азот қышқылын күмістің спирттегі ерітіндісімен қыздырса ақ түсті тұнба түзіледі (бұл қосылыста галоген барлығын көрсетеді). Тұнба сұйылтылған азот қышқылы ерітіндісінде ерімейді.
Достарыңызбен бөлісу: |