Қысқартылған құрылымдық формула
СН3 – СН2 -ОН
Тармақталған құрылымдық формула
Н Н
/ /
Н - С - С –О-Н
/ /
Н Н
Органикалық қосылыстардың изомериясы. Заттардың химиялық қасиеттері тек оның құрылымымен ғана емес (элемент атомдарының саны), онымен қоса химиялық құрылымымен байланысты. Бірдей құрамы болға-нымен, органикалық қосылыстардың бірнеше әртүрлі құрылысы және оған байланысты әртүрлі қаситеттері болуы мүмкін. Бұл құбылыс изомерия деп аталады.
А.М.Бутлеров өзінің химиялық құрылыс теориясы негізінде бутанның екі изомері болатындығын болжады. Буттанның екінші түрі изобутанды синтездеп алып, ол өз теориясының дүрыстығын дәлелдеді. Олардың молекулалық формуласы С4Н10, ал көміртек атомдарының өзара байланысу тәртібін көрсететін құрылымдық формулары келесідей.
Н Н Н Н Н Н Н
/ / / / / / /
Н-С-С-С-С-Н Н-С- С - С-Н
/ / / / / / /
Н Н Н Н Н СН3 Н
Бутан Изобутан
Құрылыстарының әр түрлі болуына байланысты бутан ( балку темп. –138 0С қайн. Темп.+0,5 0 С ) мен изобутанның ( балқу темп. – 159 0С) физикалық қасиеттері де әр түрлі болады.
Этил спирті мен диметил эфирінің молекулалық формулалары бірдей, яғни С2Н6О. Бұл заттардағы көміртек атомдары мен отек атомының орналасу реті әр түрлі . Оны құрлымдық формуласынан көруге болады.
Н Н Н Н
/ / / /
Н - С - С –О-Н Н - С - О - С - Н
/ / / /
Н Н Н Н
Этил спирті Диметил эфирі
Этил спиртінде көміртек атомдары бір- бірімен байланысқан, ал диметил эфирінде олар оттек арқылы қосылған. Диметил эфиріндегі барлық сутек атомдары бірдей кө-міртек атомдарымен байланысқан. Этил спиртінде бес сутек атомы көміртекпен, бір сутек атомы оттекпен байланысқан. Сондықтан осы бір сутек атомының ерекшелігі химиялық реякциялар кезінде спирттің қасиеттеріне әсер етеді .
Сонымен этил спирті мен диметил эфирінің молекулалық формулалары бірдей болса да, құрылыстары әр түрлі , сондықтан физикалық және химиялық қасиеттері де әр түрлі заттар.
Осындай сапалық және сандық құрамы бірдей, яғни молекулалық формулалары мен молекулалық массалалары бірдей, бірақ малекулалардың химиялық құрылысы (атомдардың орналасу реті) әр түрлі заттарды изомерлер дейді.
Молекуладағы көміртек атомдарының өзара байланысу және көміртек атомдары мен басқа элемендер атомдарының қосылу ретінен басқа молекулаладағы радикалдардың және кос байланыстарының орналасу ретіне де байланысты изомерлер болады.
Мысал ретінде бутиленнің үш изомерін келтіруге болады.
СН3-СН2-СН=СН2 СН3-СН= СН-СН3
қайн. темп.-70 0С қайн. темп. +4 0С
СН3-С= СН2
/
СН3 қайн. тем. –6 0С
Мұндағы бутиленнің алғашқы екеуі түзу тізбекті болсада, бір-бірінен қос байланыстардың орналасу ретімен айырылады, ал үшіншісі тармақталған тізбекті болады.
Молекуладағы көміртек атомдары санының өсуіне байланысты изомерлердің саныда артады.
Достарыңызбен бөлісу: |