Лекциялардың ҚЫСҚаша мазмұны 2-ші бөлім 1-ші кредит шымкент- 2016



бет14/48
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#118797
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
Ор хим Биол лекц.

Квант механикасы. 1926 жылы Э.Шредингер квант механика теориясын ұсынды. Ол, электрондардың өзінің энергиясына байланысты қозғалуын сипаттайтын математикалық молекула ұсынды. Толқындық теңдеуді шешу үшін төрт квант санын еңгізу қажет: бас квант саны n , орбиталь квант саны l, магнит квант саны m және спин квант саны s.
Бас квант саны ядродан электронға дейінгі негізгі қашықтықты және энергияны сипаттайды. Орбиталь квант саны электронның көбірек мүмкін болу аймағының геометриясын көрсетеді. Магниттік квант саны әртүрлі орбитальдардың бір-біріне қарағандағы бағытталуын түсіндіреді. Спин квант саны электронның «спинді табиғатын» суреттейді.
Бас квант саны деп аталған бұл шамалардың негізінде атомның орбиталарының жалпы санын, олардың радиустарын және электрондардың жылдамдығын есептеп шығаруға болады. Бас квант санының мәндері бүтін сандармен, ал оларға сөйкес келетін энергетикалық деңгейлерді латьшша бас әріптермен белгілейді:
1,2,3,4,5,6, 7...
К,L,М,N,О,Р,Q...


Орбиталь квант саны Энергетикалық деңгейдегі деңгейшелердің санын орбиталдық квант санының мәндері анықтайды. Электрондар орналасқан деңгейшелерді қабатшалар дейді. Орбиталь квант саны осы энергетикалық деңгейдегі орбитальдардың мүмкін болатын пішіндерін және сол пішіндерге сәйкес келетін деңгейшелердің сандары мен түрлерін (s,р,d,f) анықтайды



Орбитальдар квант саны

Магнит квант саны

Жалпы магнит саны

0
1 (s)
2 (d)
3 (f)

0
-1 0 +1
-2 -1 0 +1 +2
-3 –2 –1 0 +1 +2 +3

1
3
5
7

Орбиталь квант саны бас квант санына төуелді болады жөне бас квант саныньщ n мәніне сөйкес О-ден n — 1-ге дейін бүтін сандар болып келетін мәндері болады және оларға s,p,d,f деңгейшелері сөйкес келеді:
0, 1, 2, 3... (n - 1)
s, p, d, f Осы энергетикалық деңгейдегі бас квант саныньң n мәніне орбитальдардың n пішіні және n деңгейшелер сөйкес келеді.
Магнит квант саны m1 пішіндері бірдей орбитальдардың кеңістікте орналасу бағытын көрсетеді. Магнит квант саны орбиталь квант санына тәуелді болады осы орбиталь квант санының мәніне сәйкес - 1, 0, +1 шегінде болатын бүтін сандармен көрсетілген мәндері болады. Магнит квант саны деңгейшелердегі орбитальдардың сандарын да анықтайды. Сонымен 1=0 болғанда оған сойкес келетін s - деңгейшеде шар тәрізді бір орбиталь кеңістікте бір бағытта орналасады, 1= 1 болғанда оған сәйкес келетін р - деңгейшеде әр түрлі бағытта орналасқан 3 орбитальда.
Спин квант саны ms электронның, өз осінен қай бағытта қозғалатынын көрсетеді. Электрон өз сағат тілінің бағыты бойынша немесе оған қарсы бағытта қозғалуы мүмкін. Осыған сәйкес спин квант санының-1/2 жөне +1/2 болатын мәндері болады. Графикалық түрде электрон спинін жоғары немесе төмен ағытталған стрелкалармен белгілейді.
Паули принципі: атомда төрт квант сандарының мәні бірдей болатын екі элемент болмайды.
Бас квант санын, орбитальдық квант санын және магнит квант санының мәндерін және Паули принципін пайдалан отырып атомдардың деңгейлері мен деңгейшелеріндегі электрондардың мүмкін болатын максимал сандарын есептеп шығаруға болады.


Хунд ережесі бойынша беорілген қатпардағы электрондардың спин сандарының қосындысы максимал болуы шарт. Бірдей орбитальдардағы электрондар олардың кеңістіктегі тығыздығы симметрия болатындай етіп орналасады. Квант үяшықтарын толтырғанда бір қатпардағы ұяшықтаралдымен жеке-жеке электрондармен толады, сонан соң ғана оларды қарама – қарсы спин электрондар келіп жұптайды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет