Сутектік байланыс. Судың молекуласының бұрышты болуы, оттек атомының sр3 гидридті орбиталінің екеуі Н-О- байланысын түзуге жұмсалады. Қалған екі sр3-гибридті орбиталдардың әр қайсысында айырылыспаған электрон қосағы болады.
Осы құрылысқа орай су молекуласы полюсті болады, себебі электрон жұбы оттекке ығысқан. (Оттек электртерістігі жоғары элемент).Сұйық судағы молекулалар ассоцияланып жүреді. Су молекуласының ассоциялану себебі сутектегі байланыс арқылы (... көрсетілген) судың молекуласындағы сутек атомы екінші молекуладағы оттекпен байланысады.
Температура жоғарылағанда сутектік байланыстар ыдырайды , осы се-бептен молекуладағы ассоциялануы азаяды. Су қатты түрде кристалдық зат болады. Мұз кристалдарында әр су молекуласының оттек атомы көрші молекуламен екі сутектік байланыс түзеді.
Сутектік байланыс қышкылдық-негіздік қасиеттердің ерекше көрінісі ретінде байқалады.