Лекция Органикалық қосылыстардың жіктелуі.
Қаныққан көмірсітектер. Қанықпаған көмірсітектер
Этилен құрылысы және қасиеттері
Көмірсутектер - молекулалары тек көміртек пен сутек атомдарынан тұратын қарапайым органикалық заттар класы.
Әр түрлі реакциялардың жәрдемімен көмірсутектерден басқа органикалық қосылыстар класының өкілдерін алуға болады. Өнеркәсіпте көптеген манызды органикалық қосылыстарды синтездеуге көмірсутектердің алатын орны өте зор .
Көмірсутектер қаныққан, қанықпаған, ароматты болып бөлінеді.
Сызбанұсқа Органикалық қосылыстардың жіктелуі
Көміртек атомдарының өзара байланысу ретіне қарай органикалық қосылыстар ашық тізбекті немесе ациклді және тұйық тізбекті – циклді болып бөлінеді. Циклді қосылыстар карбоциклді және гетероциклді болып бөлінеді.
Сызбанұсқада көрсетілгеннен басқа органикалық қосылыстар құрамындағы функционалды топтың түріне қарай және соған байланысты химиялық қасиеттеріне қарай спирттер, альдегидтер және кетондар, карбон қышқылдары, аминоқосылыстар және т.т. кластарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |