СН 4+2О 2 СО 2+2Н 2О
Метан орын басу реакциясына бейім келеді. Метанмен хлордың қоспасына сәуле түсіргенде метанның хлорлану реакцасы мынандай сатылар бойынша жүреді
СН4+СІ2 СН3СІ+НСІ
Хлорметан СН3СІ+СІ2 СН 2СІ2+НСІ Дихлорметан
СН 2СІ2+СІ2 СНСІ3+НСІ
Трихлорметан
СНСІ3+СІ2 ССІ4+НСІ
Тетрахлорметан
Көмірсутектер мен галогендердің әрекеттесуінен түзілген заттарды галогентуындылар дейді.
Алынуы. Көп мөлшерде метанды табиғи газдардан алады.
Метанды (органикалық затты ) анорганикалық заттардан алудың теориялық маңызы бар:
С+2Н 2 СН4.
Реакция жоғары температурада және никель катализаторының қатысында жүреді .
Лабораторияда метанды натрий ацетаты мен натрий гидроксидін балқытып алады:
СН3СООNа + NаОН СН4 + Nа 2СО3
Қолданылуы. Метан жанғанда көп жылу бөлінетіндіктен ол табиғи газдың құрамында өнеркәсіпте және тұрмыста отын есебінде қолданылады. Метанның ыдырауынан алынған көміртек (күйе) резина, баспахана бояауларын жасауға жүмсалады.
Метанды су буымен әрекеттестіру арқылы газдар қоспасын алады:
СН4+Н 2О = СО+3Н2
Бұл газдар қоспасы бейорганикалық және органикалық синтездерде, метил спиртін, аммиак, мочевина өндіру үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |