Ароматтылық . Хюккель ережесі. Байланыстардың қосарлануының реакциялық қабілетке әсері тұйық тізбекті қосарланулармен сипатталатын қосылыстардан өте айқын көрінеді. Қосарлану энергиясыныңжоғары болуы ароматты қосылыстарды электрофильді орын басу реакцияларына түсіреді және тотығуға қарсы қабілеттігін арттырады.
Қосылыс ароматты деп есептеледі, егер:
жазық тұйық тізбекке ие болса;
циклдің барлық атомдарын қамтитын біртұтас π –электрондық жүйе болса;
циклдегі π – электрондар саны 4n +2 ге тең болса (Хюккель ережесі), n=1,2 ...сандар