Лекциялардың ҚЫСҚаша мазмұны 2-ші бөлім 1-ші кредит шымкент- 2016


Лекция Органикалық реакциялардың жіктелуі .Бос радикалды орынбасу реакциялар Электрофилді қосыпалу реакциялар Электрофилді орынбасу реакциялар



бет19/48
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#118797
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
Ор хим Биол лекц.

Лекция Органикалық реакциялардың жіктелуі .Бос радикалды орынбасу реакциялар Электрофилді қосыпалу реакциялар Электрофилді орынбасу реакциялар



Органикалық реакцияларды жіктеу. Реагенттер. Органикалық реак-цияларды олардың нәтижелері бойынша топтауға болады Реакциялық қабілет әрдайым әрекеттесетін екінші затқа байланысты қарастырылады. Заттың өзін субстрат, оған әсер ететін қосылысты (реак-циялық бөлшекті) реагент деп атайды. Субстрат деп құрамындағы көміртек атомында ескі байланыстың үзіліп, жаңа байланыстың түзілуі жүретін затты айтады
Реакцияның түрлері: қосылу, үзілу, орынбасу және қайта топтасу (изомеризация).


Нуклеофилдер —теріс зарядталған иондар (мысалы НО- СN-) немесе байланыс тұзу үшін пайдаланбаған бос электрон жұбы бар атомды бере алатын бейтарап молекулалар:

Электрофилдер —оң зарядталған иондар (Н+ , NО2-) немесе электрондарды қабылдай алатын бос орбиталы атомы бар молекула.
Радикалдар-"жалқы" электроны бар бөлшектер
Коваленттік байланыс екі жолмен үзіледі.
1. Гомолиттік ұзілу радикалдардың түзілуіне әкеледі.


2. Гетеролиттік үзілу электрофилдер мен нуклеофилдердін түзілүіне әкеледі.


Заттың қандайда бір реакцияға тұсу қабілетін және белгілі бір жылдамдықпен әрекеттесу мүмкіндігін реакциялық қабілет деп атайды.




Реакциялық орталық-берілген химиялық реакцияға тікелей қатысатын атом не атомдар тобы.


Бос радикалды орынбасу реакциялары 3-гибридтенген көміртек атомы-ның С-Н байланысы қатысатын гомолиттік реакциялар: Галогендеу, оттекпен тотығуы.
Көдімгі жағдайда алкандар химиялық инертті. Олар концентрлі күкірт және азот қышқылдарымен, концентрлі және балқытылған сілтілермен әрекеттеспейді, калий перманганатымен (КМnО4), хром қоспасымен (К2Сr2О7, КМnО4, конц. Н24) тотықпайды.
Алкандардың химиялық тұрақтылығын С-С және С-Н δ-байланыс-тарының жоғары беріктілігімен және полярсыздығымен, яғни ядроаралық кеңістікте электрон тығыздығының бірдей таралуы sр3-гибридтенген көміртек атомының (2,5) жөне сутек атомының (2,2) электртерістілікгерінің шамалас болуына байланысты.
Алкандардағы С-С және С-Н полярсыз байланыстар иондық түрде үзілуге бейім емес, бірақ акгивті бос радикалдардың әсерінен гомолиттік түрде ыдырауға қабілетті.
Бос радикалдарды мынадай үш тесілмен алады:

  1. Термолиз, яғни ковалентті байланыстың жылулық энергия есебінен ыдырауы.

  2. Фотолиз, яғни байланыстың ультракүлгіндік (УК)-сәулелену кезіндегі ыдырауы.

  3. Тотығу-тотықсыздану процестері кезіндегі радикалдардың түзілуі.



Сондықтан алкандар үшін SR таңбасымен белгіленетін, радикалды орынбасу механизмі арқылы жүретін реакциялар тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет