Лекциялардың ҚЫСҚаша мазмұны 2-ші бөлім 1-ші кредит шымкент- 2016



бет12/48
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#118797
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Байланысты:
Ор хим Биол лекц.

Ковалентті байланыс Коваленттік байланыс түзілу үшін орбитальдарында бір электроны бар екі атом бүркесу керек. Егер химиялық өзара әрекеттесу кезінде екі атом бір-біріне жақындасса, онда бір атомның электрон бұлты-екінші атомның ядросына, ал екіншісінің электрон бұлты бірінші атомның ядросына тартыла бастайды.Осының нәтижесінде электрон бұлттары ішінара қаптасып атомдардың өте жақындасып кетуіне оң зарядталған атом ядроларының өзара тебісуі кері әсер етеді, екі электрон бұлтынан екі атомға ортақ, ядро аралығындағы кеңістікте өте тығыз орналасқан екі электрондық молекула бұлты пайда болады .Екі ядроның өрісіндегі электрондар қозғалысы мен олардың арасындағы кеңістіктегі электрондық тығыздықтың қолданылуынан молекуладағы тартылыс күші арта түседі де, энергия бөліп шығады. Жеке атомдарға қарағанда пайда болған молекула, энергия қоры аз болғандықтан , едәуір тұрақты болып шығады.
Атомдар қосылған кезде электрон бұлттары неғұрлым көбірек қаптасса, соғұрлым энергия көбірек бөлініп , химиялық байланыс та берігірек болады.
Ковалентті байланыстың түзілу көрінісі қандай атомдардың өзара әрекеттесетініне байланысты біраз өзгереді. Егер белгілі бір элементтің атомдары қосылатын болса, онда электрон бұлттарының қаптасу аймағы (ең үлкен электрон тығыздығының түзілуі) ядролардың аралығында симметриялы орналасады да, байланыс полюссіз болып шығады.

® ××
Егер әр түрлі атомдар, мысалы, хлорсутек түзілген жағдайда , ковалентті байланыс қалыптасса , онда электрон бұлттары белгілі дәрежеде теріс электрлі элемент атомының ядросына қарай ығысады. Мұнда химиялық байланыс тзетін электронды ядролардың біреуінің маңынан көбірек кездестіруге болады. Осының салдарынан атомдардың біреуіне электрон жетіспейді де, ішінара оң эарядқа ие болады (ядро заряды есебінен), екінші атомға электрон артық олғандықтан (ядро зарядымен салыстырғанда) , ішінара теріс зарядқа ие болады. Мұндай ковалентті байланыс полюсті байланысқа айналады. Бұл жағдайда тек зарядтардың толық болмай , ішінара ғана (ионды байланыстың түзілуіндегідей электрон бір атомынан екінші атомға толық өтіп кетпей, ығысу салдарынан) кездесетінін ескеру керек. Ішінара зарядтарды δ+ және δ- әріптермен бейнелейді. Хлорсутек молекуласындағы электрон тығыздығының таралуы және байланыс сипаты мұндай жағдайда Hδ+ -CLδ- формуласымен беріледі. Химиялық байланыстағы электрон тығыздығының ығысуын кейде бағдаршамен көрсетеді: H→CL.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет