Мағыналы есте қалдыру
Материалды жақсы ұғынып, терең түсініп, мағыналы байланыстарын, маңызды қатынастарын анықтай отырып еске түйіп қалу мағаналы есте қалдыру болады. Есте қалдыруды мағаналы ететін-ойлау. Ойлау процесі есте қалдырып отырған материалды, нәрсені анализдеп, синтездеп, дерексіздендіріп, жалпылай отырып, нәрсе мен адамның өмір тәжірибесінің, білімінің және нәрсенің құрамындағы элементтердің арасындағы шынайы байланыстарын, маңызды қатынастарын анықтайды. Мысалы: оқу материалын есінде мағыналы қалдырайын деген шәкірт оқығанын жақсы ұғынады, үйреніп отырғанының байланыс, қатынастарын анықтап айқын түсінеді. Мағыналы есте қалдырғанда сөз үлкен роль атқарады. Ойлау процестері тілдің көмегімен орындалады, байланыс, қатынастар сөздің қатынасымен анықталады. Оқу материалын мағыналы есте қалдырғанда адам әуелі кітаптың текісін түгел оқып түсінеді, көлемі үлкен болса, текст түгелімен оқылады да, ойлары, мағына байланысын сақтап, бірнеше бөлімге бөлінеді. Әр бөліміне мазмұнын елестететін ат қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |