Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік


Қазіргі кездегі психология ғылымның салалары 40-тан астам, олардың бастылары



бет2/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Дәрістер

Психологияның салалары

Қазіргі кездегі психология ғылымның салалары 40-тан астам, олардың бастылары:

еңбек психологиясы - бұл мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның өнімін арттыруын, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданды. Медицина психологиясы –дәрігерлер мен аурулардың арасындағы қарым-қатынас. әр түрлі аурудың психологиясын, науқас адамдарға түрлі жолдармен емдеу арқылы әсер ету мәселелерімен шұғылданады.

Патологиялық психология – ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе жан дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді.

Сот психологиясы – қызметкерлер, айыптаушылар, куәлар психологиясын зерттеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оның не себеппен жасалғанын зерттеп отырады.

Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады. Салыстырмалы-генетикалық психология адамдар мен жануарлардың, ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан өсіп-жетілгенге дейнгі даму жолын қарастырады. Балалар психологиясы мектепке дейінгілердің, психикалық әрекеттерінің пайда болып, олардың өсіп-даму заңдарын, келе-келе ересек адам психологиясына айналу жолдарын зерттейді. Педагогикалық психология оқу-тәрбие процестерінің ғылыми негіздерін, яғни шәкірттердің оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, олардың тәрбиеленуінің психологиялық механизімдерін және ұстаз шәкіртінің бір-бірімен қатынасының әр түрлі жақтарын зерттеумен айналысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет