Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
Психика және жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктеріне талдау.
Психиканың сенсорлық (сезімдік) және перцептивтік сатыларына талдау.
3-тақырып. Жеке адамның психологиялық сипаттамасы
Сабақтың жоспары:
1. Тұлға туралы жалпы ұғым.
2. Жеке адамның психологиялық құрылымы (бағыттылығы, мінезі, мүмкіншіліктері, басқару жүйесі)
3. Қажеттіліктер, қызығушылықтар, қызығулар, дүниетаным
Адам – саналы тіршілік иесі. Адамды көптеген ғылымдар зерттейді: анатомия, физиология, медицина (биологиялық тіршілік иесі ретінде) және қоғамдық ғылымдар: педагогикалық психология, социология, физика, тарих, этика, саяси экономика және т.б. Қоғамдық ғылмдар ададмды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар адамды жеке адам (кісі, азамат) тұрғысынан зерттейді.
Сонымен, адам деген ұғым – сүтқоректілер класына жататын, бойын тік ұстап жүретін, екі қолы еңбек етуге бейімделген, жоғары деңгейде дамыған миы қалыптасқан, саналы тіршілік иесі. Саналы тіршілік иесі ретінде адам өзінің қажеттіліктеріне, мұқтаждықтарына және қызығуларына сәйкес қоршаған ортаны өзгертіп, дамыта алады.
Ал жеке адамдды (ұғым) біз қалай анықтаймсыз: еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан, қоғамда дамып, қалыптасатын, адамдармен тіл арқылы қатынас, байланыста болатын адам.
Жеке адамды педагогика оқыту мен тәрбиелеу объектісі тұрғысынан зерттейді.
Социология жеке адамды әлеуметтік топтардың мүшесі ретінде зерттейді.
Ал психология жеке адамның даму және қалыптасу заңддылықтарын зерттейді.
Жеке адамның анықтамасын әртүрлі психологтар түрліше береді (А.В. Леонтьев, К.К. Платонов, Г. Омпорт).
Даралық ұғымына келсек, әрбір адам өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көрінеді. Өзіндік ерекшеліктері бар адам дара адам болып табылады. Кейбіреулердің даралығы ерекше көзге түседді. Даралық- интелекттілік, сезімдік-эмоциялық және еріктік сфераларда немесе іс-әрекеттің барлық саласында бірддей көрінуі мүмкін.
Интеллект – басқалар байқамайтын нәрсені көре білу қабілеттлігі; естіген, білгенді өңей білу ерекшелігі, әртүрлі мәселе қойып, оны шеше білу ерекшелігі.
Сезімдік-эмоциялық шапшаңдығы, сезімталддық, сезімдегі нәзіктік, сұлулықты, үйлесімділікті сезе білу.
Еріктік – ерік-күш жігерінің жоғарылылығы, таң қаларлық ерлік жасай білуі, ұстамдылық таныта білуі.
Жеке адамды зерттеуде бірнеше ағымдар, тұжырымдар бар.
биогенетикалық концепция. Оны ұстаушылар – американ психологы С. Холл, неміс психологы Э. Кречмер және австрия психологы – психоанализ теориясының «әкесі» З. Фрейд. Бұлардың көзқарасы бойынша жеке адамда негізгі болып табылатын – тұқым қуалаушылық. Холл – филогенездің онтогенезде қайталануы, Кречмер – адам типтері оның дене құрылымына ғана байланысты. Фрейд – адамның мінез-құлқы тек қана биологиялық инстинктеріне, қызығуларына, құмартуларына байланысты – дейді (қоғамның рөлін төмендетеді).
Қарама-қарсы ағым – социогенетикалық көзқарас. Әлеуметтендіру теориясы – адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келіп, әлеуметтік жағдай әсерінен ғана жеке адам болып қалыптасады.
Үйрету теориясы – Торндайк, Скиннер жеке адамның қалыптасуы тек үйрету мен білім және дағының әсері.
Рольдер теориясы – қоғам әр адамға, оның қоғамдағы орнына байланысты ғана ролді ұсынадыд. Солардың арқасында оның мінезі, қарым-қатынасы қалыптасады. Адамның биологиялық ерекшеліктерін толығымен мойндамау.
Психогенетикалық концепция – бұл тұжырым бойынша бірінші орында биологиялық ерекшелік те емес, қоршаған орта да емес, тек психологиялық процестер алға шығады.
Психодинамик – Эриксон, адамның мінез-құлқы, эмоциялары, сезімдері арқылы қалыптасады десе, Пиаже мен Келли адамның танымдық әрекеттері басты рөл атқарады дейді. Жеке адамның дамуы негізінде қарастырған концепция – персонологиялық деп аталады оны ұстаушылар – Шпангер, Бюллер, Маслоу. Дұрысында, диалектикалық және тарихи материализм тұрғысынан жеке адам - тек биологиялық жетілу немесе қоршаған ортадағы жағдайлар емес, ол қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынаста болатын, осы жағдайлар жеке адамдық қасиеттермен дамып, жетілетін адам. Басқаша айтқанда, жеке адам – дамудың белгілі сатысы, оған бәрі бірдей көтеріле бермейді.
Жеке адамның негізі – оның құрылымымен анықталады, әртүрлі жақтарының бір-бірімен тығыз байланысы болатын тұтас құрылым. Жеке адамның құрылымы өте күрделі. Оның негізгілері – жеке адамны ңабғыттылығы, мүмкіншілігі, мінезі және басқару жүйесі. Бағыттылығы оның қажеттіліктерінен, қызығуларынан, идеалы, сенімі, іс-әректе пен мінез-құлықтың мотивтері және дүниетанымынан құрылады. Жеке адам қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас процесінде қалыптасады дерлік, ал белсенділік негізі – адамның қажеттіліктері болып табылады. Қажеттіліктер – материалдық, рухани және қоғамдық болады. Қажеттіліктер іс-әрекетке итермелейтін мотивтерден көрінеді (кәсіп таңдауда – қабілеттіліктеріне, қызығуларына, мамандықтың жоғары сапасына, еңбек ақсының жоғарылығына). Адамның қызығулары қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Адам бағытының көрінісі эмоциялардан және танымдық қажеттіліктерден туады. Қызғудың өзі танымдық, эмоцияналдық және еріктік компоненттерден тұрады. Танымдық – таным процестеріне, еріктік – қызығуларды іске асыруда көрінеді, эмоциялық – жағымды, жағымсыз сезімдерде көрінеді. Қызығудың түрлері де қажеттіліктер сияқты материалдық (киім-кешек), рухани (ғылымға, өнерге танылу) және қоғамдық кәсіптік (қоғамдық жұмысқа) болады.
Қызығу жанама және тікелей қызығу болып бөлінеді.
Тікелей - іс-әрекеттің (шахмат ойнау, кітап) өзіне қызығу, жанама – іс-әрекет нәтижесінде (оқуды бітіру, білім алу) қызығу.
Қызығулар, жан-жақты, тұрақты деңгейімен анықталады. Жеке адам құрылымында дүниетаным, сенім және иеал маңызды орын алады, ол ғылымилық, жүйелілік, логикалық дәйектілік пен дәлелдік, жалпылау және нақтылау деңгейі, іс-әрекет пен мінез-құлық байлнаыстарынан көрінеді (адамның білімінің, ақыл-ой деңгейінің тереңдігіне, адамгершілік қасиеттеріне байланысты).
Адамның сезімі – мінез-құлқының сапалы мотиві, адамның іс-әрекетіне маңыздылық пен айқын бағыттылық және сезімдермен тығыз байланысты (адамгершілікке сену, құдайға сену). Маңызды мотивтердің бірі – идеал. Идеал – жеке адамның осы уақыттағы сенетін образы, соны басшылыққа ала отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жүзеге асыру. Санадан тыс түрткілер адамның (құмарту) ынтығу (асқа, жыныстық ынтығу) және бағдар. Адамның қажеті мен мақсатын жөнді сезе алмаған жағдайда бағдар болады.
4-тақырып. Топ және қарым-қатынас.
Сабақтың жоспары: 1. Топ туралы түсінік.
2. Қарым-қатынас мәдениеті.
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқа адамдармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Топтар үлкен, шағын, ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды табиғи, референттік болып бірнеше түрге бөлінеді.
Кез келген топтың сайлап алатын не белгілеп қойған жетекшісі болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат-мүдделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшыларының жетекшілігімен әр алуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтижелі болуы негізінен жетекшіге байланысты.
Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынастары да түрліше болып келеді. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара жәрдем беруі – олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әректетеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе – адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы.
Құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Осындай топтың барлық мүшесінің күш-жігері бір мақсатқа бағытталады. Шағын топ мүшелірінің саны екі-үш адамнан құралып, әрісі 30-40 адамнан аспауы тиіс.
Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне қарай қатынасқа түседі, оны ңбір мүшесі екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді, байланыстары тұрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлінеді.
Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сай әр түрлі сипаттағы іскерлікқатынастар ойнайды. Ондай қатынастардардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтардды (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жайт мондағы іскерлік қатынасқа қолайсыз әсер етеді, оның табысты болуына залалын тигізеді.
Формасыз (бей ресми) топ – бұл ұнату, ортақ көзқарас сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос-жарандық қатынаста болу.
Әртүрлі деңгейегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бұл - әр адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10-нан астам топқа қатарынан енуі мүмкін) ішінен біреуіне ғана ерекше тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап-тілектерді, белгілі принциптерді қолдап ғана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі –ұжым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен ұштасып, «бір жеңнен қол», «бір жағадан бас» шығаратындай халге жетуі, топты ңпсихологиялық ахуалының орнауы, онда «ырың-жырыңның» орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу – ұжымның басты белгісі. Кез келген топтың көп жағдайда ұжжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай топта келеңсіз жағдайларды ңорын тебуінен туындайды.
Әр адам топта қандай болмасын топта белгілі бір рөл атқарады. Бірақ оның бұл рөлі тұрақты болмайды.
Топтағы аддамдарды танып-білу, басқару мәселесі «психологиялық үйлесім» ұғымымен де тығыз байланысты. Бұл ұжымддағы ортақ ісің табысты болуына ондағылардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай. Топтағыларды ңбір-бірімен үйлесімділігі жасрасса, яғни бірінің қылығы екіншісіне ұнайтын болса, олар бір-бірінің мінез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса – онда психологиялық үйлесімнің болғаны. Ал, мұндай ахуал жоқ жерде, біреудің мінезін екіншісі ұнатпайтын жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәрсенің өзі де қолдау таппайды, біреуі екіншісін түсінбейді.
5-тақырып. Іс-әрекет психологиясы
Сабақтың жоспары: 1. Іс-әрекет туралы жалпы ұғым.
2. Іс-әрекет түрлері
Адамның басты ерекшелігінің бірі оның еңбектенуге қабілеттілігі болып табылады, ал еңбектің кез келген түрі іс-әрекет. Іс-әрекет субъектінің қоршаған әлеммен өзара әрекеттесуі жүйесі болып табылады. Осындай әрекеттесу процесінде психикалық бейне туындайды. Іс-әрекеттің кез келген қарапайым түрі субъектінің белсенділігін тудырады, яғни кез келген іс-әрекеттің итермелеуші себептері болады және белгілі нәтижеге жетуге бағатталады.
Адам іс-әрекетінің итермелеуші себептері - субъектінің белсенділігін туғызатын және іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығын білдіретін мотивтер болып табылады. Іс-әрекетке түрткі бола отырып мотив оның бағыттылығын, атап айтқана оның мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат дегеніміз адамның іс-әрекетінің көздеген нәтижесі. Мақсат белгілі бір зат, құбылыс немесе әрекет болуы мүмкін. Міндет – белгілі тәртіптерге сәйкес мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттің мақсаты. Мысалы, қандай да бір мамандықты меңгеру үшін, алдымен оның теориялық аспектілерін оқу, яғни белгілі оқу міндеттерін шешу, сонан соң бұл білімді практикада пайдаланып, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, яғни практикалық іс-әректтің бір қатар міндеттерін шешу қажет.
Қазіргі қоғамда адам түрлі іс-әрекеттермен айналысады. Олардың барлық түрлерін нақты адамға қатысты топтастыру мүмкін емес. Дегенмен барлық адамдарға ортақ негізгі қызмет түрлерін ажыратуға болады. Олар: ойын, оқу, еңбек.
Ойын өзінің табиғатына орай бала тұлғасын қалыптастыратын тарихи қаланған әлеуметтік механизм және әдіс болып табылады (Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, және басқалар).
Қазіргі уақытта балалар ойынының теориясы саласында түрлі тұрғыдан қарастырылатын көптеген жұмыстар бар. Бір авторлар ойынды адам өмірімен тығыз байланысты құбылыс ретінде қарастырады (Спенсер, Холл, Гросс), басқалары ойынның психологиялық астары мен оның бала дамуындағы маңызына назар аударады.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин мектебінің бір қатар зерттеулері ойынның баланың жалпы психикалық дамуына, жекелеп алғанда, оның ерікті мінез-құлқының мотивациялық-қажеттіліктік, танымдық саласына тигізетін елеулі маңызын көрсетті.
Ойын бұл шартты түрде шынайы өмір мазмұны бейнеленетін тәжірибенің ерекше түрі. Ойынның адамзат қоғамы мен бала дамуындағы міндеттерін зерттеуде адам мен жануарлар ойынының айырмашылықтарын ажырату маңызды болып табылады. Бұл ойынның ерекше іс-әрекет ретіндегі мәнін анықтау үшін де маңызды. Іс-әрекет ретіндегі жалпы анықтаманы алғаш берген А.Н.Леонтьев болды (1987). Бұл анықтама қажеттіліктерді өтеу үшін ойынның міндетті еместігін атап көрсететін авторлардың көптеген жұмыстармен үндесіп жатыр. Сонымен бірге ойын филогенезін зерттеу ересек жануарлардың ойындары, олардың төлдерінің ойындарынан ерекшеленетінін, оның жоралғы және биологиялық шартты – жыныстық, аумақтық және басқа да қылықтарды жүзеге асырумен байланысты екендігін көрсетеді (Хайнд, Дьюсбери).
Көптеген авторлардың деректері бойынша жануарлардың ойындары түрлі формаларда көрініс береді: жүгіру ойыны, қудалау ойыны, күрес ойыны, заттармен бірге қозғалу ойындары, затпен немесе заттармен айлалы әрекеттер жасау. Ойын қылықтарының осындай формалары С.Л.Новоселова (1978) жазғандай басым келетін төменгі және жоғарғы маймылдардың балаларында анағұрлым қанық мазмұнды иеленеді.
Іс-әрекет теориясына (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин) сай бала дамуы «әлеуметтік мұралану», яғни алдыңғы ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін меңгеру жолымен жүзеге асады, осылайша меңгеру барысында шешуші рөлді баланың өзінің адамзаттың рухани және материалдық мәдениетін иеленуге бағытталған тәжірибелік іс-әрекеті атқарады. Бұл теориялық ереже ойын эволюциясының дамуын антропогенезде зерттеу үшін негіз болады.
Қазіргі балалар қоғамында орын алған тарихи ойындар, сонау орта ғасыр дәуірінде қаланған. Сол уақыттағы бала өзінің ойынын (бала мінез-құлығының арнайы мәениеті ретінде анықталған) қоршаған ортадағылардың қолдайтынын біле отырып, дүниені өзінің шыққан тегінің өкілі ретінде танып білетін. Қоғам оған ойын мен ойыншық арқылы өз уақытының дәстүрлік құндылықтарын табыстайды.
Халықтық ойындарға деген психологиялық қызығушылық ең алдымен, баланың өзін өзі дамыту құралы ретіндегі ойынның тарихи мәніне, ойындағы баланың барлық айрықшалықты іс-әрекетіне орай туындайды. Қазіргі баланың психикалық дамуын амплификациялау мәселесін көтере отырып А.В. Запорожец, халықтық ойындарға жалпы адамзат мәдениетінің мыңдаған жылдар бойы адамзат баласының психикалық дамуына тиісті деңгейді қамтамасыз еткен психологиялық феномені ретінде қызығушылық танытты.
Осы бағытты әзірлеу барысында баланың психикалық дамуындағы ойын іс-әрекетінің міндеті мен орны туралы мәселе бастапқы болып табылады. Ойынға айрықшалықты балалар іс-әрекетінің жалпы ансамблі деп анықтама беру – ең қиын мәселе. А.Н.Леонтьев ойынды мотиві өз ішінде болатын іс-әрекет ретінде анықтады. Бұл ненің ойын және ненің ойын емес екендігін білдіретін классикалық анықтама. Бір қатар дидактикалық ойындар сабақ өткізу барысында ойын мотивін таза танымдық, оқу мотивіне ауыстыруы мүмкін.
Іс-әрекет тұжырымдамасы бойынша, ойын мазмұны ойыншықтармен, оларды ауыстыратын заттармен және ойындағы серіктестерімен тәжірибелік әрекеттерге қанық болатындықтан бір мезгілде тәжірибелік іс-әрекет ретінде де; және тәжірибеге шартты, айналдырылған, бейнелі формада абстракцияланатын іс-әрекет ретінде де көрініс табады;
Оқу. Оқу мақсаты адамның білім алуы, дағды мен іскерлікті меңгеруі болып табылады. Оқу арнайы оқу орындарында ұйымдасқан түрде, сол сияқты қандай да бір іс-әрекеттің қосымша нәтижесі ретінде жолшыбай жүзеге асырылуы мүмкін. Ересек адамдарда оқу өз бетінше білім алу түрінде жүреді. Оқу әрекетінің ерекшелігі - индивидтің психикалық дамуына тікелей әсер ететіндігі.
Адам психикасын қалыптастыруда еңбектің алатын орны ерекше. Адамды адам еткен – еңбек. Осы еңбектің арқасында адам қазіргі қоғамды орнатты, материалдық және рухани әлемнің заттарын жасады, дамудың шектеусіз келешектерін ашты. Еңбек құралдарын жасап, жетілдірді. Еңбек өнімдділігін арттырды, ғылымды, өндірісті, техникалық және көркем шығармашылықты дамытты.
Адамның іс-әрекеті – аса күрделі де көпқырлы құбылыс. Іс-әрекеттің жүзеге асыуында адамның иерархиялық құрылымының барлық: физиологиялық, психикалық және әлеуметтік бөлшектері қатысады.
6-тақырып. Түйсіну
Достарыңызбен бөлісу: |