Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік


Психологияның ғылыми зерттеу әдістері



бет3/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Дәрістер

Психологияның ғылыми зерттеу әдістері
Диалектикалық материализмді тек хана табиғатты, қоғамның дамуын, адамның ойын тану көзқарасы деп түсінуге болмайды, ол сонымен қатар объективтік дүниені өзгертіп отыратын әдіс те. Сондықтан әрбір пән объектілерді өз даму заңдылығына сай дұрыс түсініп, ішкі сырын ашып отыруы үшін диалектикалық материализм принциптерін қолданып отырады.
Айдаладағы шындықты тану жолында бұл айтылған принциптерді іске асырудың төмендегідей шарттары бар: біріншіден, объектінің басқалармен байланысын, қатынасын еске ала отырып зерттеу; екіншіден, объектіні бір жерде тұрып алған, статикалық қалыпта емес, қозғалыс, даму күйінде зерттеу; үшіншіден, зерттеу арқылы табылған нәтиженің мөлшері етіп адамның практикасын алу; төртіншіден, диалектикалық-материалистік танымның нақты болу үшін зерттелетін құбылыстардың белгілі заңдылықтарын шеше білу. Осы аталған принциптерге сай, қандай пән болса да, зерттейтін заттар мен құбылыстардың өмір сүру, нақты даму жолдарын қарастырып, олардан нәтиже шығаруға тиіс. Осы талапқа сай, психологияның да өзіне тән әдістері болады.
Психология пәні психиканы, сананы зерттеу жолында үлкен қиындықтарға кездеседі, өйткені бұларды біздің сезім мүшелдеріміздің ешқайсысы да тікелей қабылдай алмайды. Оның себебі түйсікті, ойды, қиялды көруге де, татып білуге де болмайды. Миды қолмен ұстауға да, микроскоп арқылы ми клеткаларын қарап, оның құрылысын көруге де болады, мида туатын биотоктарды тиісті аспаптар арқылы жазып алып зерттейді де, ал психикалық процестерді, соның ішінде сананы, еш уақытта тікелей көруге де, салмағын өлшеуге де, аумағын мөлшерлеуге де болмайды. Материялық денеде болатын физикалық қасиеттер психика мен санада жоқ. Солай бола тұрса да, баста туатын психикалық процесс пен сана материялық дүниеден мүлдем өзгеше, қайдағы бір сырт дүние деп ойлауға да, оны материяға тәуелді емес деп қарауға да болмайды. Сананы материяға бұлайша қарама-қарсы қою гносеологиялық зерттеу шеңберінде ғана болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет