Лекциялық материалдың мазмұны


Алтын орданың құрылуы және нығаюы



бет10/14
Дата25.12.2016
өлшемі2,53 Mb.
#5254
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Алтын орданың құрылуы және нығаюы

Жаулап алу жорықтарының нәтижесінде Шыңғыс хан негізін қалаған Монғол империясының батысында оның құрамына енетін үш ұлыс қалыптасты. Олар біраз уақыт монғолдардың Қарақорымдағы ұлы ханына тәуелді болып келіп, кейіннен дербес мемлекеттерге айналып кетті. Шыңғыс хан құрған Монғол империясының құрамындағы батыс үш ұлыстың бөлінуі оның ыдырай бастауына басы болды.

Шыңғыс ханның екінші ұлы – Шағатайдың ұлысына Орта Азиядағы Жетісу мен Мауараннаһр жерлері енді. Қазіргі Түркменияның,Иранның,Закавказье мен Ефратқа дейінгі Таяу Шығыс аймақтары Шыңғыс ханның немересі Хулагудың ұлысы 1265 жылы дербес мемлекет болып бөлініп шықты.

Монғолдардың батыстағы ең үлкен ұлысы Жошы (Шыңғыс ханың үлкен ұлы) ұрпақтарының ұлысы болды. Оның құрамына Батыс Сібір (Ертістен бастап), Орта Азиядағы Солтүстік Хорезм, Жайық бойы, Орта және Төменгі Еділ бойы, Солтүстік Кавказ, Қырым, Ертістен бастап Дунайдың сағасына дейінгі далалық кеңістіктердегі қыпшақтардың және басқа да көшпелі түркі халықтарының жерлері енді. Жошы ұлысының шығыс жақ бөлігі (Батыс Сібір) Жошының үлкен ұлы Орда-Еженнің Ордасына (үлесіне) айналып, кейіннен ол Көк Орда деп аталды. Ұлыстың батыс жақ бөлігі Жошының екінші ұлы Батыйдың үлесіне тиді, ол орыстың жылнамаларында Алтын ОРда деген атпен мәлім.

Бұл мемлекеттердің негізгі жерлері монғолдар жаулап алған, табиғаты көшпелі мал шаруашылығы үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы, Каспий және Солтүстік Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылықта дамыған егін шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығымен алмастырыла бастады, сонымен бірге мұндағы елдің қоғамдық – саяси және мемлекеттік құрылысы анағұрлым көне формаларға қайта оралды.

Алтын Орда Батый Еуропаға жорық жасап қайтқаннан кейін-1243 жылы құрылды. Оның алғашқы астанасы 1254 ж Еділ бойында салынған Сарай-Батый қаласы болды. Алтын Орданың дербес мемлекетке айналуы үшінші хан Мөңке-Темірдің тұсында (1266-1282 жж) хан аты жазылған ақша соғып шығару арқылы орнықты. Ол өлгеннен кейін Алтын Ордада ішкі феодалдық соғыс өрті тұтанып, көшпелі аристократия өкілдерінің бірі – Ноғай алға шықты . Осы феодалдық соғыстың нәтижесінде алтын ордалық аристократияның ислам дінін ұстанған және қаланың сауда топтарымен байланысты болған бөлігі жеңіске жетті. Олар Мөңке-Темірдің немересі Өзбекті таққа отырғызды (1312-1342ж.) .

Өзбектің тұсында Алтын Орда ғасырлық аса ірі мемлекеттердің біріне айналды. Өзбек хандық құрған бүкіл 30 жыл бойы ол билік тізгінін өз қолына берік ұстап, бағыныштыларының дербестікке талпыну ниеттерін аяусыз басып тастап отырды. Жошы ұрпағының көп санды ұлыстарындағы ханзадалар , оның ішінде Көк Орданың билеушілері де Өзбектің талаптарын екі айтқызбай орындап жүрді. Өзбектің қолында 300 мыңға дейін жауынгер болды. ХІY ғасырдың 20 жылдарында Алтын Ордалықтардың Литваға жасаған бірнеше шапқыншылық жорықтары литвалықтардың шығысқа жылжуын уақытша тоқтатып тастады. Өзбектің тұсында Алтын Орданың Руське жүргізген билігі бұрынғыдан да күшейе түсті.

Алтын Орда алғаш құрылғанда оның мемлекеттік құрылысы тым қарапайым еді. Ол Батыйдың аға-інілері немесе жергілікті әулеттердің өкілдері басқарған жартылай дербес ұлыстарға бөлінген. Бұл бағынышты ұлыстардың хан әкімшілігімен байланысты тым әлсіз болған еді. Кейіндеп Алтын Орданың тұтастығы аяусыз жазалауға негізделді. Басқыншылардың негізгі ұйытқысы болған монғолдар көп кешікпей өздері жаулап алған түркі тілдес халықтардың , ең алдымен қыпшақтардың қалың ортасында қалды. ХІІІ ғасырдың аяғына қара ймонғолдардың қатарындағы қалың бұқарасын былай қойғанда , олардың көшпелі ақсүйектерінің түркіленгендігі сонша, тіпті қыпшақ тілі монғол тілін ресми құжаттардың өзінен ығыстырып шығарды.

Мемлекетті басқару төрт әмірден құрылған Диванның қолында болды. Жергілікті жерлерді басқару тікелей Диванға бағынышты жергілікті әкімдердің қолына берілді.

Басыбайлы адамдарды, көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде монғолдардң көшпелі ақсүйектері орасан кең жерлердің, өте көп мал мен басқа да байлықтардың иелеріне айналды. ХІV ғасырда араб жазушы Ибн Баттута олардың табысын 200 мың динарға , яғни 100 мың сомға дейін жетеді дейді.

Салық бастапқы кезде заттай жиналды, кейіндеп ақшамен (күміспен) ауыстырылды. Қаладағы және ауылдағы әрбір шаруашылыққа салынатфн алым-салықтың белгілі бір өлшемі болды. Тұрақты берілетін алымның ауыртпалығы хандардың жиі-жиі қосымша ірі сомалар («сұратулар» деп аталатын) жіберіп тұру жөніндегі талаптарымен күшейе түсті. Сауданың баж салығынан алынатын жарнасы да хандардың пайдасына түсіп отырды. Жәмшік және көлік борышы, жолаушы жүрген ордалық шендегілер мен олардың нөкерлерінің «күнкөрісі» де шаруалардың иығына түскен үлкен ауыртпалықтар еді. Хандар алым жинауды толығымен мұсылман көпестерінің («бес-ермендердің») билігіне берді. Ал олар халыққа өз ойларынан шығарған қосымша салық салды, шаруалар мен қала тұрғындарын өсімқорлықтың шырмауына түсіріп, қарызды төлеуге шамасы жоқтарды шығыстық базарларда құлдыққа сатты.

ХІІІ ғасырдың аяғында орыс жерлерінен салық жинау князьдарына тапсырылды да, орыс қалаларындағы өкілдер кері шақырылып алынды. Бұл Орданың орыс жерлерінің ішкі саяси өміріне тікелей араласу мүмкіндігінен айырды. Русьтің мемлкеттік саяси бірлігі үшін болған күрестің үлкен маңызы болды.

Жеке князьдардың күшеюіне жол бергісі келмеген Алтын Орда хандары орыс жерлерініңбөлшектелуі және князьдардың арасындағы қырқыстың өрси түсуі үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Хандар тіл алғыш князьдерді Ордаға қауіпті және жақпаған князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасында өлтіру немесе жазалаушы әскерлер жіберу арқылы құртып отырды. Хандар жарлық беруді князьдардың арасындағы күндестік пен сауда объектісіне, оларға саяси қысым жасау құралына айналдырып, «тақты» мұра етудің Русьте қалыптасқан тәртібін әдейі бұзып, Руське тонаушылық шабуыл жасау сылтауы ретінде князьдардың қырқыстарына араласып отырды. Көп жағдайда орыс князьдерінің өздері бұрын қыпшақтарды «қақтығыс-тырғандай» өз бақталастарымен күресте олармен Алтын Орда әскерлерін «қақтығыстырып» жүрді.

Алтын Ордаға қарасты елдерден Русьтің бір айырмашылығы – ол өзінің мемлекеттігін сақтап қалды. Русьтің Алтын Орда хандарына тәуелділігі ең алдымен орыс халқының басқыншыларға беріп тұруға мәжбүр етілген ауыр алымда еді.

Русьтің әскери мүмкіндіктеріне және орыс халқының өз ұлттық мемлекеттігін қорғап қалуға әзір екеніне көзі жеткен монғол-татарлар Русьті тікелей Алтын Орданың құрамына қосудан және орыс жерлерінде өз әкімшілігін жүргізуден бас тартты.

1243 жылы Батыйдың ордасына Сить өзеніндң қаза болған Владимирдің ұлы князы Юрий Всеволодовичтің бауыры Ярослав шақыртылып, ол Ордаға бағынышты екенін ресми түрде мойындағаннан кейін хан оны Солтүстік-Шығыс Русьтің «ең үлкен» князы деп танып, оған Владимирде ұлы князьдық құруға жарлық береді. Ярославтың ізінше басқа да орыс князьдары Ордаға келіп, ханға бағынышты екенін тайға таңба басқандай етіп көрсететін жарлықтар алып қайтты.

Өз князьдықтарында билік жүргізуді князьдар өз қолдарына беріп, олардың бағыныштылық сипаттағы іс-әрекеттерін бақылап отыруға өкілдер жіберумен шектелді. Өкілдердің міндеті князьдардың іс-әрекеттеріне қатаң бақылау жасау болды. Өкілдердің жеткізуі бойынша «жазықты» болған князьдар Ордаға шақырылатын немесе олардың жерлеріне жазалаушы әскер жіберетін. Қалай болғанда да Русь өз мемлекеттігін сақтап қалды, орыс халқына монғол-татарлар жағынан ассимилияция қаупі төнбеді. Монғолдар орыс халқына өзінің тілі мен мәдениетін таңа алмады.

Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері. (1227-1359 ж)

Жошының екінші ұлы, Шыңғыс ханның немересі Батый хан тұсында монғолдар орыс елінің көп жерін басып алды.(1236-1241 ж) Польшаны, Венгрияны,Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды. Шығыс Еуропада болған Еділ бұлғарларының жері, Дешті Қыпшақ,Қырым және Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказ (кейде Бакуге дейін), Орта Азияда Үргеніш қаласымен қоса Солтүстік Хорезм, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймақ түгел қарады.

Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласында болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды.

Алтын Орда ХІІІ-ХІV ғасырларда күшті мемелекет болып тұрды. Бұл тұста оны мемлекет ретіндегі беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығ, мәдениеті өркен жайды. Осы кезеңдерден Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш,Хорезм,Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет салалары өсті. Оған біріншіден түркі текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениеті , Әл –Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бируни, Ас-Сығанақи, бин Искақ, Фердауси,Низами, Ахмед Йассауи, Сүлеймен Бақырған тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оның әсерін тигізсе, екіншіден, көрші елдер мәдениетінен үйренудің езгі ықпалы болды.

Алтын Орда хандары Батый (1256ж өлді), Берке (1257-1266 ж), Мөңке-Темір (1266-1280 ж), Туда-Мөңке (1280-1287 ж), Төле-Бұқа (1287-1291 ж), Тоқты (1291-1312 ж), Өзбек (1312-1342 ж), Жәнібек (1342-1357 ж) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошымен Батый Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда – саттығы өркендеді, әр түрлі кәсіпшілік пен қолөнер дамыды. Берке тұсында Алтын Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек тұсында ол үстем дінге айналды. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери феодалдық алпауыт – бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекеттік құрылыс әскери негізде болды, шет аймақтарды әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер- оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада – оғландар: түменбасы, мыңбасы, жүзбасы,оңбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары – оғландар, әмірлер, даруға-бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың дуван бітікшілері, талғамшылар отырды. Қалар мен бағынышты аймақтар басқару үшін губернаторлар – жаруғашылар, басқақтар тағайындалды. Олардың неізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскери күшімен алым-салық жинау еді.Ақ Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды. Көшпелі халықтарда жартылай патриаирхтық, жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдай мейлінше ауыр болды- олар екі жақтан бірдей қан алды: ханға жергілікті алпауыттарға да алым-салық төледі. Бастапқыда салықтың дені хан қазынасына түсті. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді кеңірек қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші шаруалар өңдеген жерден заттай алынатын салық төледі.Серіктес шаруалар феодалдарға еріксіз жұмыс істеп, салықтарын өтеді. Бұлардың үстіне жол, көпір, көлік, арық жүзім т.б. салықтар болды. Жеке меншікті қорғау үшін мемлекеттік заң мен мемлекеттік идеология қалыптасты. Ол туралы Лев Гумилев «Мені Евразиялық деп атайды» атты еңбегінде : «Жошы ұлысына қарайтын бүкіл елге-Еділдегі, Алтын ордадан,Тюмендегі Көк Орда мен Ертістегі Ақ Ордаға дейін ислам дінін қабылдауға мәжбүр етілід» , - дейді.

Аңғал да , ақкөңіл көшпенділер өзінің хандарына қалтқысыз сенді, ал хандар болса, ақылды әмірлерге зәру еді. Әмірлер сауда орталығы болған қалалардың тұрғындарымен тығыз байланыста болып, 100 жыл ішінде шынайы мұсылмандарға айналып шыға келді. Ал бұл Шыңғыс тұқымының жауына айналды деген сөз еді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары қала қыпшақтары, орыстар, армияндар, гректер, ежелгі хазар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, арғын, найман,қоңырат,керей, уақ т.б. тайпалар мекендейді. Дешті Қыпшақ аймағы мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар мүлде аз болды.

Монғолдар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы – Еділ бойы, басты астанасы – Берке сарайы, неізгі әскери феодалдық күші – қыпшақ тайпалары болды.

Алтын Ордада 132 жыл үстемдік еткен Батый династиясы сыртқы қақтығыстағы жеңістерімен династия ішіндегі тыныштықты сақтаудағы өздерін Алтын Орда хандығының ішіндегі ең белсендісі екендігін көрсетті. Сарай тағымдағы Батый ұрпағының соңғы мұрагері өлгеннен кейін Жошы ұлдары Орда – ежен, Шайбан және Тоқа-Темір арасында таққа отыруға деген ұмтылыс өріс алды. Осындай қат-қабат қайшылықтар ең алдымен Ақ Ордада басталды.



Бақылау сұрақтары:

Әдебиеттер.

14-15. Тақырыбы: Кавказдағы түркі халықтары

(ХШ—XVIII ғасырдың I жартысы)

Мақсаты: Кавказ халықтарының тарихымен танысу, Әзірбайжан ұлтының қалыптасуын түсіндіру.

Жоспары:

1. Алтын Орда құрамындағы Солтүстік Кавказ халықтары (ХШ—XV ғ.)

2. Әзірбайжан ұлтының қалыптасуы және Әзірбайжан мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XIV—XVII ғ.)
1.ХШ ғасырдың ортасынан бастап Кавказ халықтары монғол-татар хандарының езгісін бастан кешірді. Монғол езгісінің ең ауыр зардабы монғол феодалдарының пайдасына түсетін қауырт өсіп отырған салық еді. 1253-1257 жылдары монғол хандары салық төлеушілердің (10 жастан 60 жасқа дейінгі барлық ерлер) санағын жүргізді. Толып жатқан салықтардың ішіндегі ең ауыры астық түсімінің 60%-ке дейінгі бөлігін алатын жер салығы (харадж) болатын. Малшылар әр он бес малдың біреуін беруге тиіс болды.

Салықтың бұдан басқа почта. мындаған адамдарды қазаға ұшыратқан жол салу және оны күту жұмыстары сияқты түрлері де көп еді. Салық төлеуге жағдайы келмейтін шаруалар бүкіл семьясымен құлға айналдырылды.

Сонымен бірге әрбір тоғыз шаруаньң үйінен бір адам хан әскері үшін әскери кызметке баруға тиісті болды.

XIII-XV ғасырлар ішінде қазіргі Дағыстан халықтары: лезгиндердің, аварлардың, дарғыңдардың, кұмықтардың, лактардың тағы басқаларының жерге иелік етіп орналасуы аяқталды. Татар-монғол шапқыншылығының ауыр зардаптары, әсіресе, басым көпшілігі тау-тасқа тығылуға мәжбүр болған аландар мен асыларға қатты тиді. Аландардың ұрпақтары — осетиндер таулы жерлерде қалып қойды да, Кабардин князьдарына тәуелді бодды, ал оңтүстік осетиндер Грузияға бағынды. Аланияның таулы аудандарыңда алтын ордалықтар мен кабардиндер орналасты. Кабардиндердің топка жіктелуінде өзіндік ерекшеліктері бар еді. Қатардағы қауымдық бұқара халықтан қарамағында құлдары бар феодал топтар және катардағы қауымды қанайтын князьдар мен дворяндар бөлініп шықты.

XIII-XV ғасырлар ішінде Алтын Орданың әлсіреуімен байланысты кабардиндіктер шығысқа қарай біраз жылжып, қазіргі кезде өздері коныстанып отырған жер аумағын иеленді.

Кабардиндер мен осетиндердің Шығыс жақ бөлігінде қазіргі шешендердің, ингуштардың ата-бабалары тұрды. Олардың оңтүстіктегі көршілері қазіргі Грузияның тау халықтары — хевсурлар, тушиндер және пшавтар еді. Шешендердің бірқатар бөлігі авар (хунзах) иемденушісіне тәуелді болды, ал оңтүстік осетиндер Грузияға бағынды. Аланияның таулы аудандарында алтын ордалықтар мен кабардиндер орналасты. Кабардиндердің топқа жіктелуінде өзіндік ерекшеліктері бар еді. Қатардағы қауымдық бұқара халықтан қарамағында құлдары бар феодал топтар және қатардағы қауымды қанайтын князьдар мен дворяндар (ворктер) бөлініп шықты.

XIII-XV ғасырлар ішінде Алтын Орданың әлсіреуімен байланысты кабардиндіктер шығысқа қарай біраз жылжып, қазіргі кезде өздері қоныстанып отырған жер аумағын иеленеді.

Монғолдардың жаулап алуына дейін Солтүстік Кавказ жазықтарында көшіп-қонып жүрген қыпшақ ордаларының кейбіреулері тауға ығыстырылды. Аландармен, сол сияқты адыгамдармен араласып, олар ерекше түркі тілдес халықтар- қарашайлар мен балқарларды дүниеге келтірді. XIV-XV ғасырларда Солтүстік Кавказда ислам діні үстемдік етуші дінге айналды.

XIII ғасырдың аяғында Қара теңіздің шығыс жағалауында өздерінің бірнеше отарларының (Тмутараканының орнына - Матрега. қазіргі Анапаның орнына — Мана т.б.) негізін салған генуэз саудагерлері белсенділік танытты. Генуэз отарлары сол кезде Еуропаның Шығыспен сауда қатынасын нығайтуда аса маңызды міндет атқарған еді.

2. Әзірбайжан ұлтының қалыптасуы және Әзірбайжан мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XIV—XVII ғ.)

Әзірбайжан XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында Алтын Орда басқарушылары мен ильхандар арасыңдағы күрестің орталығына айналды. ХШ ғасырдың аяғында Әзірбайжанда қолөнер мен қалалардың едәуір дамуы Еуропа- Азия саудасы үшін маңызды олжа табылатын жолдардың кейбіреуі осы жер аумағын басып өтуге негіз болды. Ал сауда жолы осы арада жібек, жүн, мата, аяқ киім жэне басқа да қолөнер мен кәсіпшілік тауарларын өндіруді жандандыруға себепші бодды. Закавказьенің ірі сауда-қолөнер орталығы ильхандардың астанасы — Тебриз болды.

Хулагид мемлекетінің құлауы және XIV ғасырдың алғашқы жартысынан бастап оның жеке хандықтарға бөлінуі және олардың ильхандармен болған күресте 1356 жылы Тебризді жаулап алған Алтын Орданың ханы Жәнібекті жақтаған көшпелі жергілікті феодалдар мен көшпелі түркі-монғол аксүйектерінің күшеюіне жағдай жасады. Тебриз тұрғындарының алтын ордалықтарға карсы көтерілісінен кейін елде өкімет монғол ақсүйектерінің бір тобынан екінші тобына көше бастады. 1360 жылы Тебризді басып алған Бағдат сұлтаны Увейс Джеланридтің өз қол астына Әзірбайжан, Персия және араб Ирагы, Армения мен Курдистан кіретін үлкен мемлекет құруына мүмкіндік туды. Джеланридтер мемлекеті Темір шапкыншылығы кезіндегі үзілісті қосқанда 1410 жылға дейін өмір сүрді. Темірліктер арасьндагы өзара күрес кезінде ширваншах I Ибрагим жергілікті феодалдардын көмегімен Әзірбайжанды уақытша біріктіріп, астананы Тебризге көшірді. 1410 жылы Әзірбайжанды Қара-Жүсіп жаулап алды. Ол түріктің қара қойлы деген көшпелі тұкымының әкімі еді, алайда оны 1468 жылы түріктің ақ қойлы дейтін екінші тұкымдасы ығыстырьш шығарды. Ал оның басшысы Ұзын-Хасан өз өкіметіне Әзірбайжанды, Арменияны, Иранның біраз бөлігін, араб Ирагы мен Жоғарғы Месопотамияны біріктірген болатын. Ол Шығыста үлкен саяси ықпалы бар қатаң адам еді. Ұзын-Хасан Ақ койлыларды Еуропада күшейіп келе жатқан Осман Түркиясына қарсы одақта деп санады. Бірақ Ақ қойлы мемлекеті көшпенділер құрған басқа да мемлекетгер сияқты ортақ экономикалық негізі мен ортақ саяси мүдделері жоқ кырық құрау ел болды да. Ұзын-Хасан өлгеннен кейін әлсіреп, ақыры құлады.

XV ғасыр ішінде Әзірбайжанда тәуелсіз екі мемлекет: Шекин және Ширван хандықтары болды. XV ғасырдың екінші жартысында ширваншахтардың Ресеймен байланысы басталды.

ХҮІ ғасырдың бас кезіңде Оңтүстік Әзірбайжан мен Иран жер аумағында пайда болған Сефеви мемлекеті негізінен әзірбайжан тайпаларына арқа сүйеген еді.

XVI ғасырдың бірінші жартысында Әзірбайжан да, Армения сияқты, орасан үлкен Сефеви мемлекетінің құрамына кірді. Қырық құрау тайпалар мен халықтардан құралған бұл мемлекетті XVI ғасырдың аяғына дейін көшпелі түрік тайпаларының феодал шонжарлары басқарды. XVI ғасырдағы Әзірбайжанның бүкіл тарихы Түркиянын Сефевидтермсн жүргізген соғыстарына толы.

Әзірбайжан халқының негізгі бұкарасы феодалдарға тәуелді болған шаруалар еді. Көшіп-қонып жүрген тайпалар арасында ұзақ уақыт бойы патриархалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды. Сол кезде Әзірбайжан жер аумағында феодалдық жер меншігінің төрт түрі (1) мемлекеттік жер {"дивани"), 2) сарайжері ("хассэ"), 3) шіркеу жері ("вакф"), 4) жеке меншікжер ("мульк") болды. Азык-түлік рентасы рентанын жетекші түрі болып қала берді. Әзірбайжанның қалалары (олардың ішіндегі ең ірілері-Сефевид әулеті — 1502—1736 жылдарғы Таяу және Орта Шығыстағы мемлекет билеушілер әулеті. Сефевид әулетінің мемлекеті I Исмаил Ақ койлы және оның одақтастарын жеңгеннен кейін пайда болды. XVI ғасырдың аяғына дейін Исмаил Иран шаһы болды. Сефевид мемлекетінің кұрамына Иран, Әзірбайжан, Армениянын бір бөлігі, казіргі Ауғанстан жерінің басым бөлігі, кей кездері Ирак жерлері де енді. Басында Сефеви мемлекетінің орталығы Әзірбайжанда болды (астанасы 1555 жылға дейін -— Тебриз. 1555-— 1597/98 жыддары — Казвин, 1597/98 жылдары Нефахан болды). Мемлекет діні шиит мәніндегі ислам еді.

Тебриз бен Шемаха) колөнер мен сауданың аса ірі орталықтары болды. Әзірбайжанда істелген жібек маталар басқа елдерге шығарылды. тіпті Еуропа базарларында да кымбат бағаланды. Феодалдық езгі еңсесін түсірген шаруалар мен кала халқы қанаушыларға карсы талай рет бас көтерді. Олардың ең ірілері— 1537 жылы Ширванда болған шаруалар қозғалысы мен 1571 жылы Тебризде болған қала кедейлерінің көтерілісі. Жергілікті әкім көрсеткен қысым түрткі болған Тебриз көтерілісі екі жылға созылды, бірақ ақыры қаталдықпен басып тасталды.

XVI ғасырдың ортасынан бастап Қазан мен Астрахань Ресейге қосылғаннан кейін. Орыс мемлекетінің Әзірбайжанмен сауда байланысы арта түсті. Ширванның бегляр - бегімен сауда шарты жасалды. Орыстың сауда адамдары Шемахаға, ал Әзірбайжан көпестері Мәскеу мен Астраханьға барып жүрді.

Жағдай Сұлтандық Түркияға қарсы күресте Сефевидтерді орыстардан көмек сұрауға итермеледі. XVI ғасырдың аяғыңда шах өкіметі Түркияға карсы жүргізілген соғыста Сефевидтерді қолдағаны үшін Баку мен Дербент қалаларын Ресейге беруді ұсыңды. 1594 жылы Прикаспьеде, Сулак өзені бойында және Тарку қаласына жақын жерде екі орыс бекінісі салынды,бұлар он жыл бойы Ресейдің Әзірбайжанға баратын жол үстіндегі тірек пункті болды.

Сефевид — Түрік әскерлерінің қырғын соғыстары кезіңде әзірбайжан халқы қатты күйзеліске ұшырады. 1555 жылғы шарт бойынша Әзірбайжанның шығыс бөлігі Сефевидтердің билігіне көшті. Осыдан үш жыл еткеннен кейін (60-жылдардың аяқ кезінде) Әзірбайжан түріктерге бағынды, ал 1590 жылғы Иран және Түрік билеушілерінің арасындағы шарт бойынша бүкіл Закавказье Түркияға бағындырылды.

XVII ғасырда Закавказье өз тарихындағы ең ауыр кезеңді бастан кешірді. Сефевидтер мемлекетінде үстемдік жағдай әзірбайжан шонжарларын ығыстырып шығарған иран феодалдарына көшті.

1603 жылы шах I Аббас Түркиямен соғыс бастап, бүкіл Шығыс Закавказьені қаратты. Ол өз жағына жергілікті феодалдарды тартуға тырысып, оларға салық жөнінде женілдіктер (мәселен, армян шіркеуіне) берді.

I Аббас өзінің ескери күшін қайта құрды және сыртқы саясатында Осман империясына жау Ресеймен, батыс-еуропалық мемлекеттермен жакыңдасты.

I Аббастың ұстанган саясаты Әзірбайжан мен Армения калаларының жағдайын жақсартты, оларда қолөнер мен сауда дамыды. Бұл қалалардың (Тебриз, Баку. Ереван, Шамаха, Ганджа т.б.) әрқайсысында он мыңдаған адам болды.

Әзірбайжан қалаларында көрнекті орындарды иран шонжарлары мен көпестері иеленді.

Армян көпестерінің шоғырланған жері жібекпен халықаралық сауда жасау орталығы болып табылатын Аракс өзенінің бойыңдағы Джульфа каласы болды. Джульфаның сауда үйлері Венеция, Генуя. Марсель, Амстердаммен және басқа да Батыстың ірі калаларымен өз операцияларын жүргізді.

1605 жылы I Аббас жібекпен сауда жасау орталығын Иранға көшірді де, Джульфаны өртеп жіберді. Астана болған Ис-фаһанньщ маңыңда орналасқан армян көпестері шахтан үлкен артықшылықтар алып, Ресей мен Үндістанның есебінен өз саудасын кеңейтті.

1604 жылы Армения кезекті бақытсыздыққа ұшырады: I Аббас Иранға шегіне отырып, 350 мындай адамды — негізінен армяндарды айдап алып кетті. Жерден алынатын салық (харадж) едәуір өсті, оған ондаған басқа салық алым және Сефевидтер пайдасына натуралдық міндеткерліктер атқару келіп қосылды. Бұның бәрі шаруалар мен колөнершілердің жаңадан бас көтеруіне әкеліп соқты, оның ішінде ең күштісі Ширванда 1614 жылы болып өтті. Шах Аббас халық қозғалысын зорға басты. Дәл осы кезде Карабахта толқу, ал 1633 жылы Казвинде үлкен көтеріліс бұрқ ете қалды...

3. Әзірбайжан халқының ХШ-ғасырлардағы мәдениеті

Закавказье халықтарының феодалдар және шетел қанауына қарсы күрес дәуірінде жазба әдебиет пен ауыз әдебиетінде әлеуметтік және патриоттық шығармалар көбейді.

XIII—XV ғасырларда Әзірбайжанда мәдени қызмет саласы анағұрлым өсті, өйткені онда Закавказьенің баска елдерімен салыстырғанда экономикалық жағынан белгілі бір дәрежеде ілгері басушылық болды жөне орта ғасыр мәдениеті дамуының басты ошақтары - қалалар шапқыншылықтардан өзгелерге қарағанда аз зардап шеккен еді. Мәдениет саласы бойынша монғол шапқыншылығынан қалған ауыр зардаптар бұған дейін жоғары деңгейде еркендеген сарай іші поэзиясының құлдырауына қатты әсер етті. Алайда Низами дәстүрі бұкара халықтың мұң-арманын бейнелейтін ақындар шығармашылығың онан әрі жігерлендіре түсті. Ақын Фазул-лах Нейми (XIV ғ.) исламға бет бұрған көзқарасты дүниеге әкелді. ХІІI ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басьшда әзірбайжан ақындары парсы тілінде жазуды қойып, өз шығармаларын ана тілінде шығарды. XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында азербайжанның аса көрнекті ақыны Шемахиден шыққан Имад – ад – Дин Несими болды. Ол өзінің шығармаларында қанау мен әділетсіздікке қарсы шығып, жер бетіндегі тіршілік атаулының куанышын жырлап, дүниеден тыс жерде тіршілік бар дегенге карсы шықты. Осы себепті де ол айыпқа тартылып, азалтап өлтірілді. XV ғасырдың ал-ғашқы жартысыңда артына аса үлкен поэзиялық мұра, соның Ішінде Шығыста Түркі елдеріне кен таралған "Ләйлі мен Мәжнүн" шығармасын қалдырған әзірбайжанның аса көрнекті акыны Мұхаммед Физулла өмір сүрді. Онын ұлтын сүюге баулитын шығармалары Орта Шығыс халықтарынын әдебиетіне аса зор ықпал етті.

XIV ғасырдың басында Рашид-ад-Дин бастаған бір топ ғалымдар дүние жүзі тарихы бойынша күрделі еңбек — "Шежірелер жинағын" жазды. XIV ғасырда Тебризде ішінде тамаша қолжазбалар жинағы мол кітапханасы, емдеу орны мен обсерваториялы медресесі бар өзіндік "Сауығу үйі" ("Дар-аш-Шифа") салынды. Ғылыми есімі Шығысқа белгілі ғалым Насир-ад-Дин Туси 1259 жылы Марита қаласында салған обсерватория өте кең түрде пайдаланылды.

Әзірбайжан мәдениетінің тарихыңда сол кезде әдебиетпен бірге каллиграфия, сурет өнері мен сәулет өнері салалары бойынша бірқатар бағалы дүниелер жасалды. Әсіресе митниатюра өнері гүлденді. Сәулет ескерткіштерінен ең маныздысы Бакудегі (XV ғ.) ширван-шахтар сарайы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет