Байланысты: Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны
Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшеліктері Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Ұйқы
кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды, денедегі зат алмасу, бұлшық еттердің тонусы, асқорыту,
жүрек-қантамырлар мен тыныс алу жүйелерінің қызметі төмендейді.
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеттері
төмендеп, нашарлап кетеді. Адам тәуліктің 1/3 ұйқыға жібереді.
Ұйқыны азайтуға, әсіресе балаларды болмайды. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21
сағаттай ұйықтайды. 1 жаста – 14сағ., 4 жаста – 12 сағ, 10-жаста 10-11, ересек адамдар 7-8 сағ
ұйықтайды.
Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты
жатардан 2-3 сағ бұрын қабылдап, жатарда жеңіл тамақ ішу керек. Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің
ауасы таза, температурасы 20-22
0
С болғанда ұйқысы дұрыс болады.