Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет40/121
Дата23.03.2022
өлшемі0,73 Mb.
#136536
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   121
Байланысты:
Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны
Шомшек Даулет АНАТОМИЯ.docx, 1
вестибулярлық аппарат
деп те атайды. 
Вестибулярлық аппарат пен ұлулы дене бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұлармен мидан тарайтын 
VIII жұп есту жүйкесі байланысады. Есту анализаторының орталығы ми қыртысының самай бөлігінде 
орналасқан. 
Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі.
Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның 
терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып кеңейеді. Сәбидің ортаңғы құлағы 
сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу 
болады.
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа 
аймақтарының нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс жүйкесі жылдам дамып жетіледі де, 4-
6 жаста ересек кісінің дыбыс жүйкесімен бірдей болады. 
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту 
қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми 
қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет