Мектеп кешеніне қойылатын талаптар
. Мектеп кешенінің құрылысы, жері қаланың және
ауылдың әкімшілік үкімімен бекітіледі. Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1-2 км, ауылда
– 3 км-ден аспау керек.
Мектеп жерінің 15% мектеп ғимаратына, 50% өсімдіктер егу үшін, қалған жерін спорт, демалыс,
шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланылады.
Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе, спорт және
шаруашылық.
Қорғаныс аймағы
(0,1-1,0 га) мектеп кешенінің көше жағында орналасқан. Ол мектепті
транспорт шуынан, газынан, көше шаңынан қорғайды. Бұл аймақта ағаштар, бұталар егіліп гүлмен
безендіріледі. Көлік жолынан арақашықтық 25 м-ден кем болмау керек. Мектеп терезелері мен биік
ағаштар арасы 10 м, бұталар арасы 5 м болу қажет.
Демалыс аймағы
(0,2-0,3 га) мектеп ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты
ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Онда демалып отыратын орындықтар қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: