Концентрацияны өрнектеу дәлдігі бойынша ерітінділер шамалас, тура және эмпирикалық болып бөлінеді.
Концентрациясы шамалас қышқыл және сілтілік ерітінділер аналитикалық, препараттық жұмыстарды орындау барысында көмекші реагенттер ретінде қызмет атқарады. Мұндай ертінділердің концентрацияларын бастапқы заттың (сұйықтықтың) сұйылуына қарай, немесе заттың массасы мен еріткіштің белгілі көлемін ескеріп анықтайды. Көп жағдайларда ерітінділердің шамалас концентрацияларын тығыздық мәні бойынша анықтайды.
Алдын-ала концентрациялары белгіленген ерітінділер басқа ерітінділердің тура концентрацияларын анықтау үшін қызмет етеді. Оларды жұмыс, стандарттық немесе титрленген ерітінділер деп атайды.
Кейбір заттардың (индикаторлар, арнайы реактивтер) ерітінділерінің концентрацияларын эмпирикалық түрде анықтайды және сәйкесінше жазбалармен белгілейді.
Концентрацияның туралығы қандай дәрежеде болмасын ертінділерді әзірлеуге тек химиялық таза бастапқы заттарды және жоғары дәрежеде, ал кейбір жағдайларда (ΝаОН, Νа2S2О3 ерітінділері үшін) СО2-ден тазартылған суды қолданады.
Қатты заттардың еру жылдамдығы оның бөлшектерінің өлшемдеріне байланысты.
Кейбір заттар сумен жұғыспайды және оның бетінде жұқа қабат түзіп жүзеді. Мұндай заттардың сулы ерітінділерін әзірлеу үшін ұнтақты алдын-ала этанолмен өңдеу керек, ал соңынан су қосады. Бұл жағдайда заттың өзі этанолға инертті болу керек.
Негіздердің ерітінділерін сақтау үшін және негіздерді еріту үшін қолданылатын ыдыстар хлоркальцийлі түтіктермен жабдықталады. Ерітіндіні СО2-ден қорғау үшін мұндай түтіктердің ішіне аскарит немесе натрийлі әк салынады. Кейбір жағдайларда ерітінділерді инертті газдардың атмосферасында (Ν2, СО2) сақтайды. Жарықтын әсерінен ыдырайтын заттардың ерітінділерін, мысалы АgΝО3, қоңыр түсті немесе қара қағазбен оралған шыны ыдыста сақтаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |