3.Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі
Пеадгогикалық қарым-қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол ӛзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды, ӛйткені білім беру процесі, бұрын кӛрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың кӛрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті тұрмыстық ӛзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде – мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол ӛктемдік жүргізуші емес, бұл - мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың ӛзара бірбірімен жан-жақты әрекетте-суінің органикалық бӛлігі. А.А. Брудный атап кӛрсеткендей, «... мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, ӛйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл қашанда ӛзін-ӛзі кӛрсету (самовыражение) екені де табиғи...» (ӛзімнің бӛліп кӛрсеткенім. – И.З.).
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов бойынша, «АдамАдам» схемасымен суреттелген адамдардың ӛзара әрекеттесу сипатының ӛзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқушылардың, тұрмыстық қызмет кӛрсету жұмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің және т.б. кез-келген кәсіби ӛзара әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас жоғарыда аталған ӛзара әрекеттесудің барлық түрлерімен ұқсас сипатқа ие, алайда оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ. «...Шынында да, мұғалім қай пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен адамзат ақылойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды ұмтылысты, ақиқатқа деген махабатты және жанқиярлық қоғамдық пайдалы еңбекке деген ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге шәкірттерге тұлға аралық қатынастың жоғары және кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті, парасатты қарапайымдылықпен үйлескен кӛңіл-күй серпілісін кӛрсете алса, – онда, осындай педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ рухани үйлесімді, ӛмірде жиі болатын тұлға аралық қақтығыстарды адамгершіліктік тұрғыда шеше алуға қабілетті болып қалыптасады...».
Ӛзара әрекеттесудің осы түрлері үшін ортақ болып табылатын К. Роджерс белгілеген, қарым-қатынасты жеңілдету, фасилитациялау функциясының маңызы бар. Бұл функцияның маңыздылығы соншалықты болғандықтан, К. Роджерс мұғалім, ең алдымен, қарым-қатынас фасилитаторы деп атайды. Бұл - мұғалім оқушыға ӛзін кӛрсетуге, ӛзінің бойындағы жақсы қасиеттерін кӛрсетуге кӛмектесетінін білдіреді. Педагогтың оқушы табысына қызығушылығы, қарым-қатынас ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы педагогикалық ӛзара әрекеттесуді жеңілдетеді, оқушының ӛз маңыздылығын кӛтеруіне және оның ары-қарай дамуына ықпал етеді.
Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, онда оқытушымен қатар тәрбиелеуші және фасилитативті функцияның бар екенін белгілеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |