Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Педагогикалық қарым-қатынас туралы студенттердің түсініктерін қалыптастыру



бет1/3
Дата25.05.2022
өлшемі21,69 Kb.
#144891
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
13 апта


Орындаған: Қалдарбеков М
Қабылдаған: Байкенже Н
Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Педагогикалық қарым-қатынас туралы студенттердің түсініктерін қалыптастыру.
Лекцияның мазмұны: 1.Іскерлік қарым-қатынас (басқару қарым-қатынасы деп те атайды) – ӛзара байланыс және ӛзара әрекет процесі. Мұнда белгілі бір нәижеге жетуді айқындайтын, нақты бір мәселе немесе анық бір мақсатты ұйымдастыруда іс- әрекетпен, тәжірибе және ақпаратпен алмасу жүреді. Іскерлік қарым- қатынаста біз серіктесімізбен ӛзара әрекетімізді үзбейміз.
Іскерлі қарым-қатынас формалары:

  • Іскерлік әңгімелесу;

  • Іскерлік келіссӛздер;

  • Іскерлік кеңестер;

  • Публикалық баянсӛздер.

Іскерлік қарым-қатынас ӛзара әрекеттің ең кең таралған формасы. Мұнда біз серіктестер арасындағы вербальды қарым-қатынасты айтамыз. Бұл ӛз мекемелерінің атынан белгілі бір ӛкілеттілікке ие тұлғалар. Олар іскерлік қарым-қатынасты құруға, келіссӛздер жүргізуге, шешімдерді қабылдауға ӛкілетті. Іскерлік әңгімелесудің ең басты мақсаты - ӛз серіктесін белгілі бір ұсыныстарды қабылдауға кӛндіру.
2.Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы. Педагогикалық қарымқатынастың ерекшелігі және педагогикалық қарым-қатынас бағыттары.
Вербалды қарым-қатынастың мазмұнына, функцияларына және ішкі құрылымына (деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан және осы терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс-әрекетті анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы ӛзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл – аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған ӛзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.
Функционалды түрде – бұл білім беру процесінің барлық субъекттерінің қатынастарын орнатушы контакттік (дистанттік), ақпараттық, түрткі болушылық үйлестіруші ӛзара әрекеттесу. Ол кӛп объектті бағыттылықпен, кӛп ақпараттылықпен, кӛрнектіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Онда құрылатын оның барлық сипаттамаларының арнайы ерекшеленген синтезі, білім беру процесінің субъекттерінің ӛзара әрекеттесуінің жаңа сапалық мазмұнынан кӛрінеді, ол осы субъекттер қатысатын қатынастар жүйесінің немесе «педагогикалық жүйе» ерекшеліктерімен анықталады.
Н.В. Кузьминаның кӛрсетуінше, педагогикалық жүйе – қоғамдық –тарихи түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік, педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (ӛзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші тұлғасын оған мақсатты, жүйелік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің ӛзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның ӛзі ары қарай қарым-қатынасты, құрылымдық, функционалдық, мазмұндық сияқты түрлі бірліктерді талдау үшін айрықша маңызды [99; 100].
Осы кең контексте пеадгогикалық қарым-қатынас «...оқушылар-дың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ– педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» ретінде анықталады.
Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың ӛзінің тұлғасының дамуын оңтайландыру шарты екенін қосайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет