Байланысты: ата-ана мен балалардың қарым-қатынас психологиясы
СӨЖ №1
Тапсырма 1
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынастар. Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды талап етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіріп, жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
Өзінің көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады. Қарым-қатынас – екі немесе оданда көп адамдардың қатынас жасауы, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Адамдар өздерінің немесе өзгелердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бір-бірлерімен қарым-қатынас жасайды. Ол вербалды, сондай-ақ вербалды емес қарым-қатынас. Осының негізінде, қарым-қатынас адам өміріндегі маңызды аспектілердің бірі болып табылады.
Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады. Олар: вербалды және вербалды емес.