Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Педагогикалық қарым-қатынас туралы студенттердің түсініктерін қалыптастыру


Педагогикалық қарым-қатынастың бағыттылығы



бет3/3
Дата25.05.2022
өлшемі21,69 Kb.
#144891
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
13 апта
БӨЖ(11), Документ (3), Бөж 1

Педагогикалық қарым-қатынастың бағыттылығы


Педагогикалық қарым-қатынастың ӛзгешелігі ең алдымен, оның кӛп объектті бағыттылығынан кӛрінеді. Ол тек үйренушілердің ӛзара әрекеттесуінің ӛзіне олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған, сондай-ақ, педагогикалық жүйенің ӛзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас кем дегенде үш бағыттылықпен сипатталады: оқудағы ӛзара әрекеттесудің ӛзіне, үйренушілерге (олардың қазіргі жағдайлары, дамудыңболашақтағы бағыттары) және игеру пәніне (меңгеру).
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас оның субъекттеріне үш жақтық бағдарлануымен де анықталады: тұлғалық, әлеуметтік және пәндік. Мұғалім (оқытушы) қандай да бір оқу материалын игеруде бір ғана үйренушімен жұмыс істей отырып, үнемі оның нәтижесін сыныпта отырғандарға бағдарлайды, және керісінше, сыныппен, яғни фронталды жұмыс істей отырып, әр үйренушіге әсер етеді. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынастың ӛзіндік ерекшелігі аталған сипаттамалардың бүкіл жиынтығымен айқындала отырып, тұлғалық бағдарланған, әлеуметтік бағдарланған және пәндік бағдарланған қарым-қатынас элементтерінің органикалық үйлесімінен кӛрінеді. Бұл жерде аталған элементтердің бәрін қамтитын, педагогикалық қарым-қатынас, аддитивті құралу емес ол принципиалды жаңа сапаға ие (Л.А. Хараева).
Қарым-қатынас кӛпжақты және кӛпфункционалды құбылыс, оның сипаты ӛзара әрекеттесудің ӛзін анықтайды. Қарым-қатынасты қарастырудағы түрлі келістерді талдау негізінде қарым-қатынастың неғұрлым сәйкес стилі іс-әрекетшіл, демократиялық, достық стилі болып табылды.

Қоғамдық еңбекті дамытудың маңызды белгісі, оны бӛлісу мен бірлесу. Ӛндірістк еңбекті

жүйелі түрде бӛлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс-әрекетіндегі ерекше түрге

бӛлуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективі қажеттілік, ӛйткені оны жүзеге

асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның ӛзі басқару арқылы

қамтамасыз етіледі.


Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік-экономикалық табиғаты болады. Оның ӛзі

қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда болады.

Басқару еңбегі ӛндірістік еңбек болып саналады. Мұның ӛзі ӛндірісті, соның ішінде

басқару еңбегінің ӛнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің ӛзіндік ерекшелігі

болады, оны еңбек ӛнімділігін салыстыру арқылы анықтайды.


Ӛндірістік және басқару еңбектерін салыстыруды мынадай тиісті белгілері бойынша

жүргізуге болады; еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтнжесі, еңбек құралы, еңбек

сипаты, оның мазмұны.


Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Ӛндірістік

еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек

құралдарының кӛмегімен ӛндіріс ӛнімдерін ӛңдейді және түрлендіреді.

Басқару еңбегінің затына кӛбінесе мәліметтерді жатқызады. Ӛйткені, басшы қызметшілер

шындығында мәліметтерді ӛңдеумен шұғылданады. Алайда, мәліметтерді басқару

еңбегінің бірден бір құралы деп есептеуге болмайды. Тағы бір атап кӛрсететін жайт,

басқару объектісі адамдар болып саналады.


Еңбек заты – бұл іс-әрскетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін

объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, ӛндіріс процесі және басқару (ІІ. 204-205).

Басқару – ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді ӛңдеу басшының

бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде

басшының бағыныштыларымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі,

мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда,

«мәлімет» ұғымын, басқарудың ерекше және оның негізгі заты ретіндегі «адам және оның

іс-әрекеті» ұғымымен біріктіруге болмайды. Адамдарға және олардың іс-әрекеттеріне

басқару еңбегінің негізгі ықпалдары бағытталған. Ал, мәлімет адамдардың іс-әрекетін

бейнелейтін құралы болып саналады.


Демек, басқару еңбегінің елеулі ерекшелігі, оның ӛндіріс еңбегінен ӛзгешелігі еңбек

затының айырмашылығында.


Еңбектің маңызды сипаттамасының бірі, оның ақырғы және тікелей мақсаты мен

нәтижесі. Ӛндірістік және басқару еңбегінің түп мақсаты ортақ, ӛйткені басқару еңбегі

ӛндірістің бір бӛлігі ретінде, тұтастай жұмыс ұғымына ене отырып, ӛндірістік еңбектің

түпкі мақсатынан ӛзгеше болуы мүмкін емес.




Қоғамдық еңбекті бӛлісу жүйесінде басқару және ӛндірістік еңбектің тікелей мақсатының

ерекшеліктері болады. Нақты ӛндірістік еңбектің тікелей мақсаты мен нәтижесі нақты

ӛнімді әзірлеу немесе белгілі бір қызмет кӛрсету болып саналады. Басқару еңбегі басқаша

мақсатты кӛздейді, оның сипаты мен мәні де ӛзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты –

ұжымның бірлескен күш-жігерін үйлестіру және оның мүшелерінің ақырғы жоспарланған

нәтижеге жетуге арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету.

Жалпы ұғымда еңбек құралы дегеніміз «...Зат немесс заттар жиынтығы, оны адамдар ӛзі

мен еңбек құралы аралығында қояды және де оның ӛзі осы затқа ықпал ету үшін қызмет

етеді». Еңбек құралдарын қолдану мен жасау – адамдардың еңбек әрекетінің ӛзіндік

кӛрінісі (І. 112-116).


Басқару еңбегімен, құрамында басшылары, мамандары мен техникалық орындаушылары

бар арнайы аппарат шұғылданады. Басқару қызметкерлерінің саны ӛндіріс

қызметшілерінің санына қарағанда негізсіз кӛбейіп кететін фактілер байқалады. Мұның

ӛзі басқару аппаратын ұстау шығынын кӛбейтуге әсер етеді. Сондықтанда басқару

жұмысын ықшамдау, басқару енбегінің ӛнімділігін және оның ұйымдастырылуын арттыру

жолдарын қарастырудың зор маңызы бар.

Адамдармен жұмыс істеу ӛнері туа пайда болмайды, оның ӛзі ӛмір бойы, ӛмір

тәжірибесінің, ӛзімен ӛзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесінде

қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет