Психикалық қалып дегеніміз жеке тұлғаның көтеріңкі немесе түсіңкі белсенділігі
түрінде көрінетін психологиялық іс-әрекеттің тұрақты деңгейін айтады. Кез-келген
оқиғаны бейнелеу - күрделі құбылыс. Ол өз құрамына біршама үрдістерді кіргізеді:
түйсіну мен қабылдау, қайта жаңғыру, ойлау, сезім және т.б. қоғамдық және жеке мәні бар
ықпал мен ой түйінін түсіну, соған сәйкес сезім туғызады, оның сипатына қарай жеке
тұлғаның жалпы белсенділік деңгейін төмендетеді немесе арттырады. Психикалық іс-
әрекеттің қалыптасқан деңгейі белгілі бір уақытқа жалғасуы сақталады.
Барлық кейінгі психикалық белсенділігі пайда болған жағдайға сәйкес жүріп
отырады.
Психикалық қалып сыртқы және ішкі жағдайлардың себептеріне байланысты, бірақ
оның динамикасы мен сипаты жеке тұлғаның қасиетіне байланысты. Мәселен, жүйке
қызметі ынжық типтегі адамдарда психикалық қалпы қозғалғыш типтегі адамдармен
салыстырғанда тұрақты келеді. Кейбір адамдардың атына жасалған сын-ескертпелер
олардың күш-жігерін жұмылдырады, сын-ескертпелерден қорытынды шығаруға
ұмтылады, ал осындай сын-ескертпелер кейбіреулердің белсенділігін әлсіретеді,
депрессивтік психикалық жағдайдың пайда болуына алып келеді Осындай жағдай мінез-
құлқының жағымсыз қасиеттеріне (өркөкірек, өзімшіл, өзін басқадан жоғары ұстайтын)
ерік-жігері әлсіз, сезімнің ерекшелігіне байланысты.
Демек, жеке тұлғаның психикалык құрылымы өте күрделі, жан-жақты және сан-
қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Жеке тұлғаның
дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар әрбір жеке тұлғаның
құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты. Әрбір адам тұрақтылық пен өзгермеліктің
бірлігі, тек қана сондай құрылым адамға өзімен өзі болуға, икемділік көрсетуге, өмір
салтын сол жағдайларына сай жүргізуге көмектеседі.