Лекцияның мақсаты мен міндеттері


Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата08.02.2022
өлшемі308,63 Kb.
#119743
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
5 апта адам Office Word

Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің 
қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады. 
Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, 
педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны. 
Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын 
саналы индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады. 
Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның 
қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне 
қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады. 
Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның 
бірлігі,
жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, 
психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара 
тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз 
байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен 
кедергілерді жеңе отырып, жоғары моралдік сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен 
бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға "жеке бөліктерге" 
бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әр уақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте 
қалыптасады, тәрбиеленеді. 
Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, 
түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді. 
Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң ғылымдары 
және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. 
Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын 
зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын 
және темпераменті мен мінез-құлқының психологиялык ерекшеліктерін қарастырады. 
Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет