адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан
зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, адамды терең білімді меңгеруде оның
белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға
итермелейді.
Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі
бойынша сипатталады. Мазмұны жағынан қызығулар бағытталған нысанына қарай
анықталады (техникаға, химияға, спортқа, өнерге, суретке, шахматқа т.б. қызығу).
Мазмұны жағынан әртүрлі қызығулар қоғамдық мәніне қарай: біреулері, егер де қоғамдық
және жеке мүдделер дұрыс ұштасқанда жағымды бағаланады, басқалары жағымсыз
бағаланады (өздерінің ұсақ сезімдік қажеттіліктерін қанағаттаңдыруға байланысты).