Лекцияның мақсаты мен міндеттері


Жан-жаңты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата08.02.2022
өлшемі308,63 Kb.
#119743
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
5 апта адам Office Word

Жан-жаңты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді.
Жеке тұлғаны жан-
жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың 
тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады. 
Терең қызығу
нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі 
болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам 
құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысанын терең пайымдамайды. 
Тұрақты 
қызығулар (олар ұзақ сақталады, адамның өмірі мен іс-әрекетінде мәнді 
рөл атқарады, жеке тұлғаның салыстырмалы түрде бекітілген ерекшеліктері болып 
табылады) және тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде кысқа мерзімді құбылыстар 
сипатында және тез пайда болады, тез сөніп қалады. 
Адам тұрақсыз қызығулармен жеңіл әуестенеді және тез суып қалады. 
Тиімді 
қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін
белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденістер 
көздерін қанағатандыруға итермелейтін қызығуды айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет