Лекцияның мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата08.02.2022
өлшемі308,63 Kb.
#119743
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
5 апта адам Office Word

 
болғаннан 
кейін тез арада қанағаттандырылмайды. 
Оны қанағаттандыру үшін материалдық құралдар қажет, іс-әрекетке, білімге, 
ептілікке
 
және т.б. жеке тұлғаның белгілі даярлық деңгейі қажет. 
Жеке тұлғаның психикалық дамуының қозғаушы күштері адамның өзгермелі іс-
әрекетіндегі қажеттіліктермен және қанағаттандырудың шын мүмкіншіліктерінің 
арасындағы қарама-қайшылықта анықталады. Жеке тұлғаның қалыптасуында тұқым 
қуалау мен ортаның негізгі факторлар ретіндегі рөлін жоққа шығаруға болмайды. 
Педагогтің оқу-тәрбие жұмысында жұртшылықтың арасында өте кең тараған 
тұқым қуалаудың жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің пайда болуында шешуші 
рөлі туралы пікірімен санасуға тура келеді. 
Қазіргі кезде тұқым арқылы берілетін қасиеттерге мидың құрылымы мен жұмыс 
істеуінің кейбір ерекшеліктері жататындығы туралы негіз бар. Сонымен қатар жоғары 
жүйке қызметінің типтері (жүйке үрдістерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалғыштығы) 
тұқым арқылы беріледі. Тұқым қуалаудың белгілі дәрежеде жеке тұлғаның 
қалыптасуында рөлі бар, бірақ оны асыра бағалауға болмайды, әлеуметтік факторлардың 
да рөлін ескерген жөн. 
Бір жұмыртқалы егіздердің психикалық дамуының барысын зерттеу нәтижесінде 
өте маңызды қажетті мәліметтер алынған болатын. Оларда тұқым қуалау бір жұмыртқадан 
дамығандықтан бірдей екендігін анғаруға болады. Тіпті бірдей жағдайда өмір сүрген бір 
жасушалы егіздердің бір-бірінен ерекше айырмашылығы бар. Егіздердің жеке тұлға 
құрылымында айырмашылығы анық байқалады, ал сыртқы түрі ұқсас болғанмен
психологиялық ерекшелігінде айырмашылықты аңғаруға болады. 
Егіздердің даралық ерешеліктерінде айырмашылықтарды қалай түсіндіруге 
болады? Бұл айырмашылықтар оларда басқа адамдармен және өзара қалыптасқан әртүрлі 
қатынастармен, рөлдермен, нақтылы ахуал жағдайларымен түсіндіріледі. Осының 
барлығы көрсеткендей, жеке тұлғаның қалыптасуында даралық ахуалды қарастыру қажет. 
Баланы белгілі ортада бейжай нысан түрінде емес, ал оны белсенді субъект ретінде оған 
тән қажеттіліктермен қарастырамыз. Денсаулығына немесе мінез-құлқына байланысты 
егіздердің бірі ортадағы бірдей жағдайда оның психологиялық қасиеттері екіншіге 
қарағанда мүлде өзгеше болып келеді. Мәселен, ауру егіздердің бірі басқаларға қосылмай, 
өздігінен оқшауланып жүреді, ал екіншісі керісінше, көпшіл келеді, сол үйден немесе одан 
тыс жерден жолдас іздейді, дені сауы спортпен көбірек айналысады. Демек, егіздердің 
әрқайсысы осы ортақ ортаның шеңберінде өздерінің даралық микроортасын іздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет