Әлеуметтік психологияда кең тараған теориялардың ішінде әлеуметтік үйрету
теориясы жатады. Ол әлеуметтік психологияның бөлімі және пәні ретінде жеке тұлғаның
әлеуметтенуін қарастырады. Әлеуметтенуді қоғамдық тәжірибені
индивидтің меңгеру
және белсенді өндіру үрдісі, соның нәтижесінде ол жеке тұлға болып қалыптасады және
өмірге қажетті білімді, дағдыны, ептілікті меңгереді, демек,
белгілі міндеттерді шешу
барысында олармен қарым-қатынас және іс-әрекет жасау қабілеттілігі деп түсінеміз.
Әлеуметтену — бұл адамның қоғамдық өмірдің тәжірибесін меңгеруінің жан-
жақты үрдісі. Әлеуметтену адамның әртүрлі адамдармен өзара тиімді қарым-қатынасқа
қажетті адамзаттық қатынастардың мәдениетін, әлеуметтік
нормаларды меңгеруін
қамтиды. Сонымен қатар ол адамның қоршаған әлеуметтік шындықты белсенді танып
білуін, дара және топтық жұмыстың дағдыларын меңгеруді, ол үшін қажетті
қабілеттіктерді дамытуды қажет етеді.
Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік
тәжірибені меңгеру нәтижесі, сонымен
қатар қызметі болып табылады. Индивидтің әлеуметтенуінің негізгі қайнар көздеріне
жанұя, мектеп, қоғамдық институттар мен ұйымдар,
баспасөз, радио, теледидар, білім
беру жүйесі жатады. Әлеуметтену үрдісі негізінен бір-бірімен қарым-қатынас арқылы іске
асады.
Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте қажетті қызметі —
идентификация
. Балалар өсу
және
дамумен қатар ата-аналарына, жора-жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға
тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және мінез-құлық түрлерін көптеп меңгереді. Сол
адамдардан олардың көзқарасын және өмір тәжірибесін қабылдайды.
Идентификация
арқылы бала әлеуметтік және жыныстық мінез-құлықтың әр түрлерін бойына сіңіреді.
Ата-аналар алғашқы сәбилік кезеңдегі балалар үшін идентификация негізгі қайнар
көзі болып табылады. Одан әрі оларға жора-жолдастары, жоғары жастағы балалар және
басқа үлкендер қосылады. Идентификацияның қайнар көзі не бойындағы бағалы
қасиеттері мен жағымды мінез-құлық түрлері үлгі болатын басқа адамдар жатады. Ерлер
мен әйелдердің жеке тұлғасының қалыптасуында негізгі идентафикациялық үрдістердің
бірі
Достарыңызбен бөлісу: