Марқакөл мемлекеттік қорығының аумағы 71369 гектар. Шалқып жатқан Марқа
жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Ақ қайың тал, көктерек, үйеңкі,
долана, мойыл көздің жауын алады. Тауға таяу және оның баурайында көкке тік
шаншылған балқарағай бой түзеді. Жайқалып өскен шөптесін өсімдіктер дүниесі де өте бай.
Көлде балықтың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар «Қыязыл қашаған»
деп атап кеткен майқан немесе қаяз балығы, хариус, талма, теңге балық (пескарь) ойнақ
салады. Қорықтың хайуанаттар дүниесі де сан алуан. Мысалы, мұндағы көл айдыны мен
оның жағалауындағы тоғайларда сүт қоректілердің 40, құстардың 200-ден аса түрі
мекендейді. Биологиялық өнімділігі жағынан біздегі тау көлдерінің бірде-бірі Марқакөлге
тең келе алмайды. Өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесінің ерекшелігімен қатар ол
жергілікті ауа райын реттеуіш роль жағынан да мағыңызды.
Үстірт қорығы
Қорық 1984 жылы Батыс Қазақстандағы Маңғыстау аймағы Ералиев ауданында
құрылған еді. Қорықтың жалпы көлемі 223,3 мың гектар. Орталығы қорықтан 200 шақырым
жердегі Жаңа Өзен қаласы қорықтың алып жатқан жері Арал мен Каспий теңіздерінің
аралығындағы тегіс жазықтық пен көтеріңкі үстірттерден тұрады. Суға тапшы келеді. Жер
үсті сулары жоқ. Құрылуының негізгі мақсаты – шөл белдемдеріндегі ерекше табиғи
ландшафтарды, сирек кездесетін жануарлар дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне
дәуір ескерткіштерін сақтап қалу болды. Қорық аймағында Қазақстанның «Қызыл
кітабына» енген түз тағыларының 12 түрі кездеседі. әсіресе, халықаралық деңгейде
қорғауға алынған қарақұйрық, үстірт қойы (муфлон), қабылан, қарақалдардың тіршілік етуі
ерекше орын алады. Сол сияқты қорық аймағында құлақты кірпі, құм тышқандары,
қосаяқтар, кесірткелер мен жыландардың да көптеген түрлері сақталған. Аталған
хайуанаттардың көбі қазіргі кезде түрлі себептермен сиреп бара жатқаны өкінішті-ақ.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша Үстірт қорығы өзінің жер қыртысының (рельефінің)
ерекшелігімен қатар көне дәуір ескерткіштеріне аса бай.
Қорықтың өсімдіктер жамылғысы да ерекше. Мұнда қатаң климатқа бейімделген
қара сексеуілді ормандар, изен-жусанды жайылымдар, жыңғыл, күйреуік, сораң, боялыш,
эфемерлер өседі. Ал, тоқтау суларда, бұлақ төңірегінде қамыс, қоға жайқалып тұрады.
Қорықта жиі ұшырасатын құмды алқаптардың табиғаты ерекше келеді. Онда
өсімдіктерден еркек шөп, жүзген, жоңышқа, түйетікен, жусан, ебелек, жынғыл, қара
сексеуіл кездеседі.
Қазіргі кезде Үстірт қорығында үстірт қойының, қарақұйрық, үнді жайрасы, қарақал,
қабыландардың табиғаттағы саны өсіп, әрі тұрақтанып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: