Лекцияның мазмұны -тақырып. ЕҚта туралы Қазақстан Республикасының заңы


Қазақстандағы ЕҚТА-дың жеке топтарының саны және олардың жалпы жер көлемі



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата20.09.2023
өлшемі482,3 Kb.
#181731
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лекция ЕҚТА (1)

Қазақстандағы ЕҚТА-дың жеке топтарының саны және олардың жалпы жер көлемі 
(2010 жылдың 1-шілдесіне дейінгі мәліметтер)
Р/с ЕҚТА-дың жеке топ тары 
Жер көлемі 
(га.есебімен) 
МСОП-тағы сәйкес 
санат тары 

Мемлекеттік табиғи қорықтар 
1 565 755 
І а 

Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар 
2 186 966 
ІІ 

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері 
6614 
Ш 

Мемлекеттік табиғи резерваттар 
1 818 512 
ҮІ 

Мемлекеттік табиғи қорықшалар 
6 846 601 
ҮІ 

Мемлекеттік қорықтық белдемдер 
11 350 500 ҮІ 

Мемлекеттік ботаникалық бақтар 
432,2 


Мемлекеттік дендрологиялық саябақтар 
651,3 


Мемлекеттік хайуанаттар бағы 
125 

 
Барлығы: 
23 776 340 га 
 


2-тақырып. ЕҚТА-дың жеке санаттары. Республикалық және жергілікті мәні бар 
ЕҚТА (табиғи қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, табиғи резерваттар, хайуанаттар 
бақтары, ботаникалық саябақтар, дендрологиялық саябақтар, табиғат ескерткіштері, 
табиғи қорықшалар, қорықтық белдемдер) 
 
 
Жалпы халықаралық жіктеу бойынша ЕҚТА жеке 10 топқа бөлінеді:
1.
Ұлттық табиғи саябақтар. 
2.
Табиғат ескерткіштері және ерекше маңызы бар табиғи нысандар. 
3.
Табиғатты қорғауға бағытталған резерваттар, басқаруды қажет ететін резерваттар, 
бастапқы табиғи қалпы сақталған алқаптар. 
4.
Қорғауды қажет ететін ландшафтылар. 
5.
Табиғат ресустарын сақтауға арналған резерваттар. 
6.
Антропологиялық табиғи резерваттар (адамның іс-әрекеттерінен жасалған табиғи 
нысандар) 
7.
Түрлі мақсаттар үшін табиғи ресурстарды пайдалануға жарамды табиғи аумақтар 
8.
Биосфералық маңызы бар табиғи резерваттар 
9.
Әлемдік маңызы бар табиғи мұралар 
Дүниежүзі бойынша өте қатаң түрде қорғалатын табиғи аумақтар құрлықтың 3 
пайыздай аймақты ғана қамтиды. Ал, Қазақстанда мұндай қатаң түрде қорғалатын табиғи 
нысандардың көлемі Қазақстанның жалпы аумағының 8,3 пайызын (22 млн га астам алқап) 
құрайды. 
Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 
алғаш рет 1997 жылы 6 тамызда қабылданған болатын. Елімізде ЕҚТА-дың ғылыми және 
т.б. маңыздылығы ескеріле отырылып, 2006 жылы 7 шілдеде №175-111 бойынша екінші рет 
қайта толықтырылған “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заң қабылданды. Осы 
заңның 4-тарауының 14-бабында “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен 
түрлері” деп аталатын,еліміздегі республикалық маңызы бар ЕҚТА-дың жеке топтары 
нақты атап көрсетілген.
Еліміздегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу 
мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай жеке топтарға 
бөлінеді: 
1.
Мемлекеттік табиғи қорықтар. 
2.
Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар. 
3.
Мемлекеттік табиғи резерваттар. 
4.
Мемлекеттік зоологиялық саябақтар. 
5.
Мемлекеттік ботаникалық бақтар. 
6.
Мемлекеттік дендрологиялық саябақтар. 
7.
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. 
8.
Мемлекеттік табиғи қорықшалар. 
9.
Мемлекеттік қорықтық аймақтар 
Мұндай республикалық маңызы бар ЕҚТА уәкілетті мекемелердің ұсынысы бойынша 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен ұйымдастырылады. Бұлардан 
басқа жергілікті маңызы бар ЕҚТА-ға мемлекеттік өңірлік зоологиялық,, ботаникалық, 
дендрологиялық саябақтар, табиғат ескерткіштері және табиғи қорықшалар да жататыны да 
жоғарыда аталған заңда тікелей атап көрсетілген. 
ЕҚТА-ды жеке топтарға жіктеуге Қазақстан Республикасы заңы мен халықаралық 
жіктеудің арасында аздаған айырмашылықтар бар. Мысалы, халықаралық ЕҚТА-ды 
жіктеуде биосфералық маңызы бар табиғи резерваттар және Әлемдік маңызы бар табиғи 
мұралар деген арнайы санаттар Қазақстан Республикасының ЕҚТА туралы заңында атал- 
маған. Алдағы уақытта еліміздің бұл туралы заңына толықтырулар жасалынып, осы 
халықаралық санаттар деңгейі бойынша нақтылау енгізілуі қажет. Өйткені 2008 жылы 
шілде айының бас кезінде ЮНЕСКО-ның (БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет 


жөніндегі арнайы мекемесі) шешімі бойынша бүкіл Орталық Азия өңірінде алғаш рет 
Әлемдік маңызы бар табиғи мұралардың тізіміне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет