Лекцияның мазмұны -тақырып. ЕҚта туралы Қазақстан Республикасының заңы



Pdf көрінісі
бет23/23
Дата20.09.2023
өлшемі482,3 Kb.
#181731
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Лекция ЕҚТА (1)

 
13-тақырып

ЕҚТА-дың табиғат қорғаудағы рөлі. ЕҚТА-дың танымдық және 
тәрбиелік мәні 
 
Жер бетіндегі биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалу және оларды қорғауда ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мәселелеріне соңғы жылдары ерекше көңіл 
бөлінуде. Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы шешімімен 2010 жылы Дүниежүзілік 
биоалуантүрлілік жылы деп белгіленуі көп жағдайларды білдіреді. 
Қазақстан аумағының көп бөлігі экологиялық аймақтарға жататыны жа ақиқат. 
Мысалы, Аралөңірі, Семей алқабы, Каспий теңізінің қазақстандық жағалауы және т.б. 
жерлердегі экологиялық жағдайлар елді елеңдетіп отырғаны да жасырын емес. Еліміздің 
экологиялық жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөнінде көптеген заңдар 
қабылданды. 2006 жылы шілде айының 7-сінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 
туралы» заң қабылданды. Бұл заңда Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтардың жеке түрлері атап көрсетілді. Соның ішінде мемлекеттік табиғи қорықтар 
бірінші кезекте атап көрсетілген. Онда «Мемлекеттік табиғи қорық-табиғат қорғау және 
ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты 
өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесінің нысандарын, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен 
бірлестіктерін, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және 
оларды қалпына келтіру болып табылады» -деп, мемлекеттік табиғи қорықтардың 
мақсаттары мен міндеттері нақты атап көрсетілген. Сонымен қатар, бұл заңда мемлекеттік 
табиғи қорықтардың ел арасында «экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен дамыту 
мақсаттарын жүзеге асырылатыны» да түбегейлі айтылған. 
2006 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғат 
қорғау туралы» заңы екінші рет толықтырылып қайта қабылдануының да маңызы өте зор.
2007 жылы 9 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі» 
қабылдануы еліміздегі экологиялық мәселелерге айырықша мән берілгендігінің айқын 
белгісі деп атап өтуге болады. «Кодекс» деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда «жүйелі 
түрде жинақталған бірыңғай заңды ережелер жинағы» деген ұғымды блдіреді. Аталған 
Экологялық Кодексте де «азаматтардың белсенді өмір ұстанымы және қоғамдағы 
экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылатыны» да ерекше атап көрсетілген. 
Елбасымыз Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылғы жолдауын «Жаңа әлемдегі 
Жаңа Қазақстан» деген атпен атап, мұнда да «....жердің тозуының алдын алу, еліміздің су 
және басқа да табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру» сияқты экологиялық 
мәселелерді айырықша атап көрсетуінің маңызы зор. 
Елімізді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) 


ұйымдастыру жылдан –жылға қарқынды түрде қолға алынуда. 2010 жылдың 1-қараша 
айына дейін елімізде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 11 мемлекеттік табиғи саябақ, 4 
мемлекеттік табиғи резерват және т.б. ЕҚТА –дың санаттары ұйымдстырылып, 
биоалуантүрлілікті сақтап қалу және қорғау шаралары қарқынды жүргізіліп келеді. 
Қандай да болмасын табиғат байлықтары, мейлі ол өсімдіктер дүниесі, я болмаса түз 
тағыларының өкілі болсын, оларды өздері бейімделіп тіршілік ететін табиғи ортасынан 
ажыратпай қорғау және мейлінше қорын молайту ісі, бүгінде күн тәртібінде тұрған 
көкейкесті мәселелердің бірі. Неге десеңіз, қазіргі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, 
транспорттың қарышты қадамы оларға өзінің ықпалын тигізуде. Олар кері әсер етпеу үшін, 
адам ғылыми техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми негізде етене ұштастыра 
білуі қажет. Яғни, табиғатта өтетін түрлі экологиялық процестерге игі ықпал етіп, қоршаған 
ортаны көркейтумен қатар, небір қайталанбас көркі бар табиғи ландшафтарды барлық 
компоненттерімен қамқорлыққа алған жөн.


Ең алғашқы ботаникалық бақ XIV ғасырдың басында Италияда Маттео 
Сильватиконың (итал. Matteo Silvatico, лат. Matthaeus Silvaticus) 
ұйымдастыруымен Scuola medica salernitana мекемесінің жанында ашылыпты. 
1333 жылы Венецияда медициналық және ботаникалық бақ ашылды. Осыдан 
бастап байыған итальян қалалары ботаникалық бақтарының көркімен бір-
бірінен асып түсуге тырысты. XVI-XVII жылдары Феррар, Паду, Пиза, 
Болонье, Неаполь және Флоренцияда ботаникалық бақтар өте-мөте дамыды. 
Франциядағы ең алғашқы ботаникалық бақ Монпелье қаласында 1593 жылы 
ашылса, Парижде лейб-медик Ги де Бро 1597 жылы ашылған сарай алды 
бағын Патша дәрілік қсімдіктер деген атаумен ботаникалық баққа 
айналдырған. 1577 жыла Нидерландыда Лейденде, кейінірек Амстердам 
қаласында академиялық ботаникалық бақ ашылды. Ботаникалық бақтардың 
жаңа дәуірін XVIII ғасырда Гардекампле қаласында ашылған лорд Клиффорт 
ботаникалық бағы бастады. XVII ғасырда Англия жерінде королева Елизавета 
негізін құрған «Кью» ботаникалық бағы ашылып, кейінірек Челсиде, Элтамда 
жалғасын тапты. Ал 1621 жылы Оксфорд университеті жанынан 
ботаникалық бақ ашылды. Англияның ботаникалық бақтары әр кезеңде өзінің 
әралуандығымен ерекшеленген. Ал Германия жерінде 1490 жылы 
ботаникалық бақ Кельн университетінде ашылды. Бұл дүние жүзіндегі 
алғашқы ашылған университеттік ботаникалық бақ болып есептелінеді. Ал 
1580 жылы Лейпцигте, 1587 жылы Бреславлде, 1597 жылы Гейдельбергте 
бақтар ашыла бастады, XIX ғасырдың соңында әрбір герман 
университеттерінде жеке ботаникалық бақтары болды. Бұдан басқа 
Австриянын Вена қаласындағы Шенбрунн бағы, Швецияда Упсаль және Лунд 
бақтары 
танымал 
болды. 
Ресейдегі ең алғашқы бақ 1714 жылы Санкт-Петербургта "Дәрілік егістік" 
атауымен Петр І-дің ұйымдастыруымен ашылды. Кейіннен ХІХ ғасырдың 
соңында Ресейдің барлық университеттерінде аталмыш бақтар қалыптасты. 
Ең көне ботаникалық бақ болып 1804 құрылған Мәскеу бағы мен 1806 
ашылған Дерпт бағы саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет