Лекцияның мазмұны -тақырып. ЕҚта туралы Қазақстан Республикасының заңы



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата20.09.2023
өлшемі482,3 Kb.
#181731
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Лекция ЕҚТА (1)

1. “Семей орманы
” мемлекеттік табиғи резерваты – 2003 жылы ұйымдастырылды.
Жер көлемі – 662 167 га. Орналасқан жері - Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай, 
Жарма, Бородулиха, Үржар, Аягөз, Тарбағатай аудандары және Семей қаласы. Қорғалатын 
табиғи нысандар - Реликті қарағайлы орман алқаптары және т.б. табиғат байлықтары.
2. “Ертіс орманы
” мемлекеттік табиғи резерваты – 2003 жылы ұйымдастырылды.
Жер көлемі – 277 961 га. Орналасқан жері - Павлодар облысының Аққу және Шарбақты 
аудандары. Қорғалатын табиғи нысандар - Реликті қарағайлы орман алқаптары және т.б. 
табиғат байлықтары. 
3. “Ырғыз-Торғай”
мемлекеттік табиғи резерваты – 2007 жылы ұйымдастырылды.
Жер көлемі – 763 549 га. Орналасқан жері - Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы. Қорғалатын 


табиғи нысандар - Торғай, Ырғыз және Арал өңірінің экожүйелеріндегі табиғат 
байлықтары.
4. «Ақжайық»
мемлекеттік табиғи резерваты – 2009 жылы ұйымдастырылды. Жер 
көлемі – 111 500 га. Орналасқан жері - Атырау облысы Махамбет ауданы, Атырау қаласы. 
Қорғалатын табиғи нысандар -Жайық өзенінің сағасы мен Каспий теңізінің жағалауындағы 
сирек кездесетін жануарлар түрлері. 
6-тақырып. Мемлекеттік ботаникалық бақтар. 
 
Мемлекеттік ботаникалық бақтар - өсімдіктер дүниесін, соның ішінде өсімдіктердің 
сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау, молықтыру және пайдалану 
жөнінде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми 
ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік ботаникалық 
бақтардың негізгі қызметіне Қазақстанның өсімдіктер дүниесін сақтаудың, молықтыру мен 
пайдаланудың, Қазақстанның дүниежүзілік маңызы бар флора ресурстарын игерудің 
ғылыми негіздерін әзірлеу жатады. 
Мемлекеттік ботаникалық бақтар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет