10. Көлсай көлдері
мемлекеттік
ұлттық табиғи саябағы
-2007 жылы
ұйымдастырылды. Жер көлемі - 161 045 га. Орналасқан жері - Алматы облысы Райымбек,
Талғар аудан дары. Қорғалатын табиғи нысандары - Күнгей Алатауы мен Көлсай көлдерінің
экожүйесі.
11. Жетісу Алатауы
мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын ұйымдастыру жұмыстары
2007 жылдан басталып түрлі зерттеу,
жобалау шаралары арқылы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің арнайы №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірде
ұйымдастырылды. Жер көлемі – 356 022 га. Бұл табиғи саябақты ұйымдастырудағы басты
мақсат – Жетісу Алатауының орталық аймағының солтүстік тау беткейлерінің экожүйесін
сақтап қалу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен өзгерген экожүйені қалпына келтіру
болып отыр. Бұл арада ғаламдық мәні зор қазіргі кезде дүниежүзіне таралған мәдени алма
іріктемелерінің бастапқы генофонды болып есептелінетін жабайы түрде өсетін әрі Жетісу
және Іле Алатау өңірлерінде ғана сақталған сиверс алмасын сақтап қалу. Сонымен қатар,
жайылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жетісу аяқты балығы (жетісу бақатісі),
қара дегелек, лашын, бүркіт, әсем шымшық, ілбіс, қызыл қасқыр, арқар, қоңыр аю, сілеусін,
камшат, сабаншы, шұбар күзен, ақ төс сусар және т.б. жануарларды қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: