Лекцияның мазмұны -тақырып. ЕҚта туралы Қазақстан Республикасының заңы


Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата20.09.2023
өлшемі482,3 Kb.
#181731
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Лекция ЕҚТА (1)

Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 
биылғы (2010 ) БҰҰ 
белгілеген 
биоалуантүрлілікті 
қорғаудың 
Халықаралық 
жылындағы 
еліміздің 
ұйымдастырылып отырған бірден-бір ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Бұл табиғи саябақ 
жер көлемінің ауқымдылығы жөнінен Қатонқарағай табиғи саябағынан кейінгі екінші 
орында тұр. 
Еліміздегі мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың жалпы жер көлемі 2 169201 
гектар алқапты қамтиды. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысында «Ақжайлау», 
Жамбыл облысында «Мерке-Жайсан» және Қарағанды мен Ақмола облыстарының 
шекарасында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарын ұйымдастыру көзделіп 
отыр. Мұның бәрі де елімізде ЕҚТА-ға деген оң көзқарастың бар екендігін дәлелдей түседі. 
Қазақстандағы мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар және биоалуантүрлілік 
 
№ 
Атаулары 
Ондағы тірі организмдер түрлерінің саны 
Өсімді
ктер 
Балы
қ-тар 
Қосмеке
нділер 
Жорға-
лаушы-
лар 
Құстар 
Сүтқор-
ектілер 

Баянауыл 
(1985) 
474 



144 
48 

Іле Алатауы 
(1996) 
1000 



148 
47 

Алтынемел 
(1996) 
1800 
33 

25 
260 
78 

Көкшетау 
(1996) 
800 




Қарқаралы 
(1998) 
800 



114 
40 

Бурабай (2000) 
800 
10 


200 
87 

Қатонқарағай 
(2001) 
2000 
16 


280 
66 

Шарын (2004) 
1500 
10 

18 
200 
62 

Сайрам-Өгем 
(2006) 
1635 



300 
59 
1

Көлсай көлдері 
(2007) 
704 



197 
42 


1

Жетісу 
(жоңғар) 
Алатауы (2010) 
2168 



238 
52 
 
5-тақырып. Мемлекеттік табиғи резерваттар. 
 
Еліміздегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 
қатарына 2006 жылғы 7-шілдеде екінші рет қайта толықтырылып жарық көрген «Ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңында мемлекеттік табиғи резерваттар деген 
арнайы санат атап көрсетілген. Мұндағы «резерват» деген сөз латын тілінің “ reservatus” - 
«сақталатын», «қорғалатын» деген мағынаны білдіреді. Табиғи резерваттарда табиғаттың 
бірнеше нысандары (өсімдіктері мен жануарлары) қатаң түрде қорғауға алынады да, қатаң 
түрде қорғау ережелері бекітіледі.
Мемлекеттік табиғи резерват – табиғи кешендердің биологиялық саналуандығын және 
олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектілерді күзетуге, қорғауға, қалпына 
келтіруге және сақтауға арналған жердегі және судағы экологиялық жүйелерді қамтитын 
табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік табиғи резерваттарға бөлінген аймақтар табиғат байлықтарын пайдалану 
және оларды қорғау мақсатында бірнеше белдеуге бөлінеді: 
1.
Қорықтық режимдегі белдеу (ядролық белдеу) - онда генетикалық ресурстарды ұзақ 
мерзімге сақтап қалу шаралары қатаң түрде жүргізіледі. 
2.
Буферлік белдеу – жаңа экологиялық тепе-теңдікті сақтай отырып, түрлі шаруашылық 
жұмыстарын табиғат қорғау шараларымен үйлесімді түрде жүргізуге басты назар 
аударылды.
Мемлекеттік табиғи резерваттарда жоғарыда айтылған негізгі шаралардың қатарында 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мәселелері де назардан тыс қалмайды.
Мемлекеттік табиғи резерваттарда бұлардан басқа қосымша ретінде мынадай жұмыстар да 
жүргізіледі: 
1.
Экожүйелердегі биологиялық және ландшафтылық алуан түрлілікті сақтап қалу, әрі 
қалпына келтіру; 
2.
Табиғат қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету; 
3.
Экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарын кеңінен жүргізу; 
4.
Мемлекеттік табиғи резерват аумағының әлеуметтік-экономикалық дамуының
тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген табиғатты пайдалану қағидаларын жүзеге 
асыру; 
5.
Мемлекеттік табиғи резерват аумағында жүйелі түрде ғылыми-зерттеу және алдын ала 
болжау жұмыстарын жүргізу; 
6.
Мемлекеттік табиғи резерват аумағында табиғат байлықтарын ғылыми-зерттеу, туристік 
және қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды табиғат қорғау және пайдалану 
шараларына сәйкес реттеп отыру көзделеді. 
Еліміздегі республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи резерваттар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет