Қорық негізінен табиғат белдеулерінің тау етегінен бастап субальпі,
альпі
биіктігіндегі табиғаттың сан алуан тайгалы аралас орманды ландшафттарын қорғауға
бағытталған. Қорық өсімдіктердің көптігімен ерекшеленеді. Мәселен, мұнда орманның 25
типі, қылқанжапырақты ағаштардың көп түрі шоғырланған. әсіресе, бағалы самырсын, май
қарағайдың орны ерекше.
Батыс Алтай қорығында табиғат белдемдері сан алуан. Олар: шалғынды дала,
бұталар, самырсынды, шыршалы, тайга, субальпі, альпі және биік таулы тундрадан тұрады.
Әрбір табиғат белдеулерінің өзіне тән фаунасы мен флорасы бар. Орман іші шипалы жеміс-
жидек
беретін ағаштарға, дәрілік өсімдіктерге өте бай. Әсіресе, субальпі белдемдерінде
дәрілік өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр
және Алтай сарғалдақтарын,
бәйшешектердің тұнып тұрған популяцияларын кездестіруге болады.
Альпі белдемдерінің де өсімдік жамылғысы сан алуан. Мұнда шөптесін көпжылдық
өсімдіктер басым. Топтала өскен аласа қайың, алтай тиындағы, алтын тамыр, марал оты,
т.б. өсімдіктер кездеседі.
Биік таулы тундра 2000-2200 метр биіктікте жатыр. Бұл белдемде жатаған бұталы
өсімдіктер, осоктар, альпі мүгі, қырықбуыны, альпі сүттегіні, мойыл, т.б. өседі.
Батыс Алтай фаунасы да ерекше болғанымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңадан
қолға алынуда. Осы аймақтың фаунасын зерттеуші Б.В.Щербаковтың
мәліметі бойынша
құстар өте көп тіршілік етеді. Кәдімгі бүркітті, қаршыға, лашын, ителгі, сақалта, ақ құр,
саңырау құр, кекілік, шіл, бөдене, ақ дегелек, үкі, жапалақ, көкек сияқты құстарды жиі
ұшыратуға болады.
Сүтқоректілерден
алтай бұғысы, елік, құндыз, қоңыр аю, бұлан, қабырға (құдыр),
бұлғын көптеп кездеседі.
Батыс Алтай қорығының ғылыми,
экскурсиялық, танымдық мәні зор. Болашақта
қорық экологиялық мониторингтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ошағына
айналатынына сенім мол. Себебі, табиғат ландшафттары
әлі де болса өзінің алғашқы
сипатын сақтаған экожүйелер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: