Лекцияның оқыту нәтижелері



бет15/58
Дата12.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#196516
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Байланысты:
1 лекция (1)

1-сурет. Іс-әрекет категориясының түсініктері


Адам іс-әрекетінің құрылымы қажеттілік, мотив, мақсат, міндет, әрекет, операциялар жиынтығынан құралады. Ғылыми білім категориясы ретінде іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар, соның бірі педагогикалық іс-әрекет.
Педагогикалық іс-әрекет – адам іс-әректінің ерекше түрі, басқа іс-әрекет түрлерімен салыстырғанда ол мақсатқа бағыттылықсипатқа ие болады.
Педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Педагогикалық іс-әрекет дамудың шарты мен негізі ретінде оқушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруінебағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіндіру үшін оның құрылымына талдау жасау қажет. Педагогикалық іс-әрекетті іс- әрекеттің мақсаты, мотивтері, әрекеттер (оперативтер), нәтиженің бірлігі ретінде көрсетуге болады. Төменде педагогикалық іс- әрекеттің құрамдас бөліктері көрсетілген:


2-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері

Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктерінің бір бөлігі – мақсат. Мақсат – педагогикалық іс- әрекеттің жүйе құрушы факторы рөлін атқарады (А. Н. Леонтьев). Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты - оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, нәтижесін анықтау. Олармақсатқа тікелей тәуелді болады.


Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты –үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – ол тарихи құбылыс. Ол әлеуеметтік даму қарқынына байланысты өзгеріп отырады. Ол қоғамдық дамудың объективті тенденциясы ретінде пайда болаотыра, қоғамның қажеттіліктеріне қарай педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы және әдістеріне сәйкестендіре отырып, ең жоғары мақсатқа жетудің кезеңдік бағдарламасы құрастырылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциональды бірлігі
–педагогикалық әрекет. Педагогикалық әрекетті мақсат пен мазмұнның біртұтастығы ретінде түсіндіруге болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні – мақсат, мотив, әрекет, нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа ие болады (А. Н. Леонтьев).
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған келесі мекемелерде жүзеге асады:

  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;

  • Орта білім беру;

  • Орта арнаулы оқу орындары;

  • Жоғары білім беру;

  • Қосымша білім беру;

  • Біліктілікті арттыру және қайта даярлау.

Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н. В. Кузьминабойынша):

  1. деңгей – продуктивті емес – педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады;

  2. деңгей – аз продуктивті – бейімделуші, педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады;

  3. деңгей - орташа продуктивті – педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие;

  4. деңгей – продуктивті – жалпы пән бойынша оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі қалыптастыру іскерліктерін меңгерген;

  5. деңгей – жоғары продуктивті – педагог оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.

Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет