Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата10.12.2022
өлшемі194,24 Kb.
#162222
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9 лекция

Материалдық мәдениет
. Материалдық мәдениет адам өмірінің материалдық аяда қол 
жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. Оған адамның биологиялық өмірін 
қамтамасыз етуге қажетті игіліктер — азық, киім, баспана, еңбек және қатынас құралдары 
т.б. жатады. 
Материалдық мәдениетке тарихи және мәдени ескерткіштер де кіреді. Республикамыз 
тарихи ескерткіштерге өте бай. 
Бүгінгі күні 18,5 мың тарихи ескерткіш орындары анықталып отыр. Оның ішінде 13,5 
мыңы құжаттандырылып, 3,1 мыңнан астамы мемлекеттік қорғауға алынды. 205 
республикалық. дәрежедегі ескерткіштер бар. 
Олардың ішінде Қорқыт-ата мемориалдық кешені, Орда ескерткіші, Қожа Ахмет 
Йасауи кесенесі, Ш.Уәлиханов кешені, Жидебай әдеби-мемориалдық корығы, Черкасск 
қорғаны бар. 
Рухани мәдениет.
Рухани мәдениет белгілі бір қоғамда өмір сүріп жатқан адамның 
айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау үрдісіндегі білімінен, білігінен, 
кәсіпқойлығынан, 
қадірінен, 
адамшылығынан, 
тәрбиелілігінен, 
зиялылығынан, 
қарапайымдылығынан көрініс береді. Сонымен бірге адамдардың сезім дүниесі, 
демократиялылығы, жүздесу мәдениеті рухани мәдениеттің элементтері болып табылады. 
Рухани мәдениет деп жеке адамның білім қорын, меңгерген ғылымын, ақылын, ойлау 
тәсілін, көркемөнерді игеруін, әлеуметтік- психологиялық біліктілігін айтамыз. Көркем 
әдебиет пен өнерді меңгеру, сұлулықты ажырата алу —жеке адамның руханилығының 
өлшемдері. Көркем әдебиет адамның эстетикалық талғамын, рухани және адамгершілік 
бейнесін қалыптастырады. 
Мәдениеттің атқаратын негізгі функциялары. Қоғамда мәдениет төмендегідей маңызды 
функциялар атқарады: 


Ф-ӘД-001/046

Мәдениет адамды рухани қалыптастырады. Мәдениеттің бұл функциясы оның негізгі 
мазмұнымен тікелей байланысты. Жеке адам — өзі өмір сүріп жатқан қоғамның, нақтылай 
айтсақ, сол қоғам жасаған мәдениеттің туындысы. 
Мәдениет сабақтастырушы функция атқарады. Қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени 
мұраларды игеру, қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. 
Мәдениеттің танымдық функциясы, негізінен, оның біліммен арақатынасынан 
туындайды. Білімділік — мәдениеттіліктің маңызды алғышарты. Дегенмен бұл екі ұғымның 
арасында белгілі алшақтык та бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық 
әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.Мәдениеттің реттеуші функциясы оның 
адамның бойында болуға тиісті сапалықтарды барлық жағынан реттей алуынан көрінеді. 
Мәдениетті адам — білімі өз заманының деңгейіне, киімі сол кездегі сән үлгісіне, мінезі сол 
қоғамның адамгершілік талаптарына сай келетін адам. Мәдениеттің коммуникативтік 
функциясы мәдениеттің қоғамда атқаратын негізгі функцияларьшың бірі. Мәдени туынды 
қанша асыл болғанымен, егер ол рухани азық дәрежесіне белгілі бір себептермен жетпей 
жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам мекен етпеген үй қаңырап бос 
тұрады, пойыз жүрмейтін жол — жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап — 
шаң басып жатқан қағаз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет