Айналым моделі
Экономикалық іс-әрекетгердің жалпы проблемаларына балама мүмкіндіктерді талдау мен шектеулі ресурстарды үнемдеу тұрғысынан қарайтын болсақ, онда «Не өндіреміз?» «Қалай өндіреміз?», «Кім үшін өндіреміз» деген негізгі проблемаларды шешудің жолдары анықталады.
Игіліктерді орналастыру мәселелерін талдау кезінде біз экономикалық субъектілердің өзара байланысын қарыстырамыз. Әр экономикалық субъект өзінің табыстары мен шығындарын бағалап, тандау жасағаннан кейін, қоғамда жеке субъектілердің экономикалық қызметгерін ұштастыру мәселесі пайда болады. Оған төмендегілер жатады:
1. өндірушілер арасындағы өзара шешімдерді келістіру;
2. тұтынушьтлар шешімдерін келістіру;
3. жалпы түтыну мен өндіру шешімдерін толықтай келістіру.
Бұндай қажеттілік көптеген себептерден туады.
Нарыктық жүйе жағдайында нарықтық мәмілені іске асыру кезіндегі экономикалық іс-әрекеттердің шығындары трансакциялық шығындар деп аталады.
Олардың құрамьна: ақпараттарды жинау және өндеу (жөндеу) шығындары; келіссөз жүргізу және шешім қабылдау шығындары; тексеру шығындары және келісімнің орындалуын занды түрде қорғау шығындары кіреді.
Нарық жағдайында үйлестіру мәселесі айналым моделі мен сұраныс және ұсыныс модельдерінің көмегімен талданады.
Айналым моделі экономиканы екі секторға бөледі: үй шаруашылықтары және фирмалар. Үй шаруашылықтары өзінің сатқан ресурстарынан, яғни еңбек, капитал және жер сатудан түскен табыстарын өздеріне қажетті тауарлар сатып алу үшін және фирмалардьщ қызметін пайдалануға жұмсайды. Фирма өздері ендірген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен ақшаларын үй шаруашылықтарының ресурстарьтн сатып алуға жұмсайды.
Ресурстар нарығы
Фирмалар
Үй шаруашлыктары
Өндіріс факторлары
Түтынуиіы игіліктері
Тұтынушы
игіліктерінін
нарығы
Нарық механизмі
Үй шаруашлыктары не тұтынатынын шешеді, олай болса, не өндіреміз деген сұрақ туады. Мүндай шешімдер фирмалардың өндірістік жоспарларының негізі болуы Бұдан фирма шектеулі ресурстарды қалай пайалаңу туралы шешім қабылдауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |