Лексика. Синонимдер. 1- нұсқа



бет13/14
Дата15.05.2020
өлшемі59,1 Kb.
#68578
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
00046d9a-8b5a48d2
Ұлы адамдар.

3-нұсқа.

1. «Невада-Семей» қозғалысының президентін табыңыз.

А) С.Әбдильдин. В) Амантай қажы. С) О.Сүлейменов. Д) М.Шаханов. Е) Р.Сейсембаев.

2. Әйтеке кім болғанын анықтаңыз.

А) Тілмаш. В) Әнші. С) Би. Д) Суретші. Е) Хан.

3. Мемлекеттік елтаңбаның авторларын анықтаңыз.

А) Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков. В) Шота Уәлиханов, Жадыра Дәрібаева.

С) Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов. Д) Жандарбек Мәлібеков, Шәмші қалдаяқов.

Е) Шәкен Ниязбеков, Жандарбек Мәлібеков.

4. «Қарлығаш әулие» , қарлығаш би аталған кім, белгілеңіз.

А) Бәйдібек би. В) Бөлтірік шешен. С) Төле би. Д) Қазыбек би. Е) Әйтеке би.

5. Атақты «Отырар сазы» оркестірінің бас дирижерін белгілеңіз.

А) Құрманғазы Сағырбаев. В) Аблахат Есбаев. С) Дина Нүрпейісова. Д) Нұрғиса Тілендиев.

Е) Мұқан Төлебаев.

6. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.

А) Келісімпаз болу. В) Көп тіл білу. С) Сөзге тапқырлық . Д) Көп сөйлеу. Е) Өзін көрсету.

7. Талғат Мұсабаев кім екенін табыңыз.

А) Әртіс. В) Әнші. С) Ғарышкер. Д) Тарихшы. Е) Ақын.

8. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранының әнін жазған кім?

А) Н.Назарбаев. В) Ш. Сариев. С) Ш. Қалдаяқов. Д) Ж. Нәжімеденов. Е) Ш. Айманов.

9. Абылай қазақ елінде хан болған жылдарын көрсетіңіз.

А) 1825-1853ж. В) 1725-1770ж. С) 1771-1781ж. Д) 1734-1761ж. Е) 1756-1786ж.

10. Қазақтың кәсіби операсының негізін қалаған композиторды анықтаңыз.

А) А.В. Затаевич. В) Е.Г.Брусиловский. С) Н.Тілендиев. Д) Л.Хамиди. Е) Ахмет Жұбанов.

11. Құрманғазының шәкіртін атаңыз.

А) Дина. В) Мұқан. С) Дәулеткерей. Д) Қазанғап. Е) Ескендір.

12. Бауыржан Момышұлы кім екенін анықтаңыз.

А) Үш мәрте Кеңес Одағының батыры. В) Сазгер, әнші. С) Мұғалім, оқытушы. Д) Жазушы, батыр. Е) Ұшқыш.

13. Ш. Айманов еңбек еткен саланы көрсетіңіз.

А) Кино өнері. В) Кәсіпкер. С) Жазушы. Д) Мүсін өнері. Е) Саз өнері.

14. Мемлекеттік тудың авторын анықтаңыз.

А) Шоқан Уәлиханов. В) Шәкен Ниязбеков. С) Шота Уәлиханов. Д) Нұрғиса Тілендиев.

Е) Қаныш Сәтбаев.

15. Ш. Аймановтың өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.

А) 1899-174ж. В) 1914-1970ж. С) 1904-1975ж. Д) 1915-1980ж. Е) 1916-1985ж.

16. «Қазақ хрестоматиясы» деген кітаптың авторы.

А) М.Әуезов. В) М.Жұмабаев. С) Қ.Мырзаиев. Д) Ы.Алтынсарин. Е) А.Байтұрсынов.

17.Құрманғазының шығармаларын көрсетіңіз.

А) «Салқылдақ», «Қосбасар» В) «Адай», «Сарыарқа» С) «Қыз Жібек», «Ақ тентек»

Д) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Е) «Біржан-Сара», «Мақпал»

18. «Араб музыкасының тарихы» кітабының авторы.

А) Қ.Сағырбаев. В) Әл-Фараби. С) Н.Тілендиев. Д) Ә.Қашаубаев. Е) А.Құнанбаев.

19. Әз Жәнібек ханның кеңесшісін көрсетіңіз.

А) Жиренше шешен. В) Төле би. С) Қазыбек би. Д) Әйтеке би. Е) Бұқар жырау.

20. «Шоқан Уәлиханов» портіретінің авторын табыңыз.

А) Н.Хлудов. В) Сабыр Мәнбаев. С) Қанапия Телжанов. Д) Молдахмет Кенбаев. Е) Ә. Қастеев.

21. Абайдың әжесін табыңыз.

А) Ұлжан. В) Зере. С) Айгүл. Д) Шолпан. Е) Айғаным.

22. Қазақ музыкасын әлемге тұңғыш танытқан әншіні көрсетіңіз.

А) К.Бәйсейітова. В) Қ.Жандарбекова. С) К.Қуанышбаев. Д) Ә.Қашаубаев. Е) Б.Төлегенова.

23. Атақты «Менің Қазақстаным» әнін жазған композиторды көрсетіңіз.

А) Ш.Қалдаяқов. В) А.Жұбанов. С) Е.Брусиловский. Д) Н.Тілендиев. Е) М.Төлебаев.

24. «Тілден артық қазына жоқ ,

Тілден артық қасиет жоқ» сөздерінің авторын табыңыз.

А) А.Жұбанов. В) Н.Назарбаев. С) Б.Момышұлы. Д) С.Торайғыров. Е) Ә.Тәжібаев.

25. Қыпшақ , керей, найман руларын жан-жақты зерттеген ғалымды көрсетіңіз.

А) Т.Рұсқұлов. В) Ә.Қастеев. С) Ш.Уәлиханов. Д) А.Құнанбаев. Е) Ж.Жабаев.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет