Қазақстан.
5-нұсқа.
1. XIX ғасырдың басында «Ақмешіт бекінісі» атанған қаланы анықтаңыз.
А) Алматы. В) Қызылорда. С) Ақтау. Д) Жамбыл. Е) Астана.
2. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған уақытын көрсетіңіз.
А) 1992ж. В) 1988ж. С) 1990ж. Д) 1991ж. Е) 1989ж.
3. Республика астанасы Астана қаласына қашан көшірілгенін белгілеңіз.
А) 1991ж. В) 1997ж. С) 1995ж. Д) 1996ж. Е) 1993ж.
4. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта. В) Қыс. С) Жаз. Д) Күз. Е) Көктем.
5. Шабғар деп Қазақстанда қай қаланы атаған.
А) Тараз. В) Шымкент. С) Түркістан. Д) Отырар. Е) Алматы.
6. Сөйлемді аяқтаңыз: 22 қыркүек – Қазақстан халықтарының ... .
А) Білім күні. В) Жаңа жыл. С) Жеңіс күні. Д) Тілдері күні. Е) Тәуелсіз күні.
7. Жаз айларын көрсетіңіз.
А) Маусым, шілде, тамыз. В) Наурыз, сәуір, мамыр. С) Қаңтар, ақпан, желтоқсан.
Д) Наурыз, шілде, мамыр. Е) Қазан, қараша, желтоқсан.
8. Қазақстан елінің ақшасы.
А) Теңге. В) Сом. С) Динар. Д) Манат. Е) Йен.
9. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңындағы тарау санын анықтаңыз.
А) Төрт. В) Бес. С) Алты. Д) Он. Е) Үш.
10. Білім заңының қабылдануы қай қатарға тән, белгілеңіз.
А) 1999 жыл, 7 маусым. В) 1999 жыл, 5 қаңтар. С) 1997 жыл, 21 ақпан. Д) 1998 жыл, 7 қазан.
Е) 1993 жыл, 5 сәуір.
11. Толықтырыңыз: Тудағы қанатты қыран ... белгісі.
А) бақыттың. В) еркіндіктің. С) заманның. Д) уақыттың. Е) қуаныштың.
12. Балаларға білім беретін адамды табыңыз.
А) Мұғалім. В) Инженер. С) Дәрігер. Д) Аспазшы. Е) Сәулетші.
13. Тұсаукесер тойы қашан тойланатынын көрсетіңіз.
А) Бала 1 жасқа толғанда. В) Бала 2 жасқа толғанда. С) Бала 3 жасқа толғанда. Д) Бала 4 жасқа толғанда. Е) Бала 5 жасқа толғанда.
14. Швеция мен Алакөлді мекендейтін құсты көрсетіңіз.
А) Бірқазан. В) Сұңқар. С) Реликті шағала. Д) Бұлбұл. Е) Бүркіт.
15. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданған жылын көрсетіңіз.
А) 1991 жылы В) 1992 жылы. С) 1993 жылы. Д) 1994 жылы. Е) 1995 жылы.
16. «Түріктер мекені, елі» деген мағынаны білдіретін қаланы табыңыз.
А) Отырар. В) Жамбыл. С) Алматы. Д) Түркістан. Е) Астана.
17. Қазақстанның орналасқан жерін анықтаңыз.
А) Еуразия құрлығында. В) Орта Азияда. С) Таяу Шығыста. Д) Батыс Еуропада. Е) Азияда.
18. «Қазақфильм» киностудиясынан шыққан тұңғыш фильмді анықтаңыз.
А) «Дала қызы». В) «Туған жер». С) «Алтын мүйіз». Д) «Аманкелді». Е) «Алдар көсе».
19. Қазақстан Республикасы қай елмен шектесетінін көрсетіңіз.
А) Иран. В) Ресей. С) Татарстан. Д) Түркия. Е) Армения.
20. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күнінің мақсаты:
А) Табиғатты қорғау мәселесіне халықты шақыру. В) Білім алуға халықты шақыру.
С) Мәдениетке шақыру. Д) Қонаққа шақыру. Е) Денсаулық сақтауға шақыру.
21. Алтын күн, қыран, ою-өрнек бейнеленген рәміз.
А) Ту. В) Әнұран. С) Елтаңба. Д) Ұлттық валюта. Е) Штандарт.
22. Бәйтеректің биіктігі.
А) 90 м. В) 97 м. С) 56 м. Д) 60 м. Е) 69 м.
23. Мектепте қосымша кітап оқитын орынды анықтаңыз.
А) Асхана. В) Шеберхана. С) Дәріхана. Д) Кітапхана. Е) Емхана.
24. Астананың орналасқан жерін табыңыз.
А) Сарарқа даласы. В) Көкшетау бауыры. С) Науырзым қорығы. Д) Бетпақ даласы.
Е) Оңтүстік аймағы.
25. Көне түркі ескерткіштеріне жататын жазбаларды көрсетіңіз.
А) Алтын адам. В) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі. С) Айша бибі кесенесі. Д) Орхон-Енесей жазбалары. Е) Алаша хан кесенесі.
Достарыңызбен бөлісу: |