Лексика. Синонимдер. 1- нұсқа



бет5/14
Дата15.05.2020
өлшемі59,1 Kb.
#68578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Мақал-мәтелдер.

1- нұсқа.

1. Мақалды аяқтаңыз. Тау мен тасты ... бұзады, адамзатты сөз бұзады.

А) Көңіл. В) Мұз. С) Ой. Д) Шөп. Е) Су.

2. Шешендік сөзді аяқтаңыз.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшы болмаса, ...

А) Ел жетім. В) Тау жетім. С) Жол жетім. Д) Күн жетім. Е) Сөз жетім.

3. Мақалды толықтырыңыз.

... тас жарады, тас жармаса бас жарады.

А) Тіс. В) Қол. С) Бас. Д) Көз. Е) Тіл.

4. Мақалды табыңыз.

А) Ғылым-теңіз, білім-қайық. В) Ғылым адамды биіктетеді. С) Ғылым шыңдайды.

Д) Ғалым ғылыммен айналысты. Е) Ол-әйгілі, білімді ғалым.

5. Мақалды толықтырыңыз. Өнер алды- ... тіл.

А) Ақ. В) Қызыл. С) Жасыл. Д) Көк. Е) Қара.

6. Туған жер туралы мақалды белгілеңіз.

А) Ұят-адамның өз бойындағы адамшылығы. В) Тіл қылыштан өткір. С) Әке-балаға сыншы.

Д) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді. Е) Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

7. Мақалды аяқтаңыз. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның ... .

А) Тіленбей. В) Сұранбай. С) Жыланбай. Д) Ойланбай. Е) Білінбей.

8. Мәтелдің жалғасын табыңыз. Сегіз қырлы, бір ...

А) өнерлі В) сырлы С) жырлы Д) ақылды Е) үлкен

9. Отан тақырыбындағы мақалды табыңыз.

А) Тәрбие басы - тіл. В) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. С) Ғылым - теңіз.

Д) Еңбек түбі – зейнет. Е) Кітап – тілсіз мұғалім.

10. Мақалды толықтырыңыз.

... ұстадан нұсқа.

А) Ұшқыш В) Азамат С) Дәрігер Д) Ұста Е) Шебер

11. Білім кілті-тіл.

Мәтелдің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

А) Знание-ключ к языку. В) Язык и знание-сила. С) Знание-сила. Д) Люби и береги свой язык. Е) Язык-ключ к знаниям.

12. Мына мақалды аяқтаңыз.



Мектеп – кеме,

Білім - ... .

А) Өзен. В) Мұхит. С) Көл. Д) Көлшік. Е) Теңіз.

13. Достық туралы мақалды табыңыз.

А) «Көп қорқытады» В) «Өнер алды-қызыл тіл» С) «Жаман жолдастан таяғым артық»

Д) «Білім кілті-тіл» Е) «Сөздің көркі-мақал»

14. Туған жер - Отан туралы мақалды табыңыз.

А) Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды. В) Жаман айтпай, жақсы жоқ.

С) Өнер алды-қызыл тіл. Д) Сөз сүйектен өтеді. Е) Ештен кеш жақсы.

15. Мақалды толықтырыңыз.

Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң ... кетер.

А) Басың В) Жолың С) Жүрегің Д) Гүлің Е) Кітап

16. «Человека прославляет труд» мақалының қазақша баламасын табыңыз.

А) Еңбек етсең емерсің. В) Ердің атын еңбек шығарады. С) Не ексең, соны орарсың.

Д) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей. Е) Көз қорқақ , қол батыр.

17. Мақалды толықтырыңыз: «Аз ... алтын, көп ... күміс»

А) Негіз. В) Өмір. С) Ақыл. Д) Сөз. Е) Ой.

18. Мақалды толықтырыңыз. «... өмір – сөнген көмір.»

А) Еңбексіз. В) Бақытсыз. С) Ақшасыз. Д) Сенсіз. Е) Жұмыссыз.

19. Достық туралы мақалды табыңыз.

А) Өнерлінің өзегі талмас. В) Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас. С) Отан оттан да ыстық .

Д) Ұрлық түбі – қорлық. Е) Ер дәулеті – еңбек.

20. Мақал-мәтелдерді жинастыратын сөздікті табыңыз.

А) Синонимдік. В) Фразеологиялық . С) Түсіндірмелі. Д) Орфографиялық . Е) Омонимдік.

21. Мақалды аяқтаңыз: Ер қанаты - ... .

А) серігі. В) қару. С) табандылық . Д) жылқы. Е) ат.

22. Мақалдың жалғасын табыңыз.

Жеті жұртың тілін біл,

Жеті түрлі ... ... .

А) елге құрмет. В) тіл біл. С) тас жарады. Д) білім біл. Е) ұлт жоқ .

23. Достық тақырыбындағы мақалды табыңыз.

А) Ұрлық түбі-қорлық . В) Отан-оттан да ыстық . С) Ата-баланың қорғаны. Д) Жақсыны жолдасынан таниды.

Е) Бес саусақ бірдей емес.

24. Мақалды толықтырыңыз.

«Қоянды қамыс өлтіреді,

Батырды ... өлтіреді».

А) Қыз. В) Ой. С)Жігіт. Д) Соғыс. Е) Намыс.

25. Мақал-мәтелдерден антонимді табыңыз.

А) Еңбек етсең емерсің. В) Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп. С) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Д) Мектеп-кеме, білім-теңіз. Е) Оқу инемен құдық қазғандай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет