Лексикология – сөз туралы ілім Орындады: Тулаганов Рахматилла ияк 18-04 Қабылдады: Бекенова Г. Ш



Дата03.12.2019
өлшемі118.65 Kb.

Лексикология – сөз туралы ілім

Орындады: Тулаганов Рахматилла ИЯК 18-04

Қабылдады: Бекенова Г.Ш

Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын зерттейді. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамын қарайды. Лексикология тілдің лексика – семантикалық жүйесі туралы мәселе, тідің единицалар ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басқа белгілер, сөз бен ұғымның ара қатнасы мен байланысы және т.б. мәселелерді қарастырады.



Тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда қарастырылады.

Жалпы лексикология мен жеке лексикология бір-бірімен тығыз байланысты.

Лексикология салалары

Қазақ тілі лексикологиясы қазақ тіл білімінің фонетика және грамматика салаларымен тығыз байланыста болады. Фонетикамен байланысы қандай сөз болса да дыбыс тіркесімен айтылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Мыс: ақ-а/қ дыбыс тіркесімен айтылып түсті білдірсе, бутақ – заттық уғымды, бес – сандық, бару-қимылдық ұғымды білдіріп тур.

Сөздердің бірбі-рінен ажыратылуы да фонемалардың саралап ажыратушы қызметіне байланысты. Мыс: сан, сен, бар, бер, бүр, кел, кәл, күл, кіл т.б. Тіл дыбыстары әдетте, сөз ішінде айтылады, сөзден тыс өздігінен өмір сүре алмайды.

Ономосиология

Семасиология

Фразеология

Этимология

Лексикография

Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының мынадай салалары бар

Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойына қалыптасуы жәнге дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама лексикологияда “Қазіргі ағылшын тілі”, “Қазіргі қазақ тілі” атты пәндердің лексикология бөліміндерінде, аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құруышы арналар мен қат-қабаттар, сөздердің активті және пассив тіл топтары.

Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология.

Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу тарихын ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте-мөте күшті.

Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады.

Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады.

Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің “жаны” десекте болады. Семасиалогияның лексикографиялық жұмыста да маңызы айрықша. Сөздіктерде, әдетте, сөздің мағыналық жақтары талданады.

Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмеектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.

Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады.

Ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктенекендігін қарастырады. Анығырақ айтқанда, сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, оның мағыналық жағына назар аударылады да, ономосиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады. Сонымен , ономосиология заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді.

Ономосиологияның диалектологияға да қатысы бар. Ономосиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикологиялық картасы ономосиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілердегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.

Ономосиологияның айрықша бір саласы – онамастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі – антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады.

Шындық болмыстығы заттар мен құбылыстар жеке сөздермен ғана емес, тқрақты сөз тіркестерімен де аталады. Тіл- тілдің лексикасында жеке сөздердің айрықша синоним ретінде сөздердің тіркесімен болғанымен мағынасы жағынан жеке сөздермен келіп, бір бүтін лексикалық единица тәрізді қызметатқарады. Осымен байланысты лексикологияда мағнасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.

Мысалы, жүрегі тас төбесінен шықты /қорқу/, қас пен көздің арасында, қас қаққанша, ауызды ашып жұмғанша /лезде/, қаны қайнау /ашулану/, он саусағынан өнері тамған немесе ағаштан түйін түйген /өте шебер/, үріп ауызға салғандай /сүйкімді/ т.б. деген фразеологиялық сөз тіркестері әбден лексикаланған да мағнасы жағынан бір сөз тәсілді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеология тұрақты сөз тіркестерінің түрлерін, олардың құрамы мен құрлысын жасау жолдарын қарастырады.



Сөз және ұғым

Сөз болған жерде ұғымның болуы заңдылық екені мәлім. Ұғым мағынамен байланысып,оймен,ойлаумен ұштасып жатады. Ойлау мен сөзді бірінен- бірін тағы да бөліп алуға келмейді. Бірақ екеуін біріне тепе-тең деп қарауға да болмайды. Тіл білімінде ұғымды сөзден бөліп қирамай, сөзсіз ұғым болмайды дей отырып, сөз ұғымның қалыптасуында маңызды қызмет атқаратынын ғалымдар ертеден-ақ айтып келеді. Сөздің өзі белгілі дәрежеде ұғымының қалыптасуы арқылы сараланып, дыбыстық бір бүтін мағыналы сөзге айналады.

Ұғымды қалыптастыруға, оны айтуға сөз керек болды. Өйткені ойлаудың өзі де сөз арқылы болатындықтан ұғымда сөз арқылы пайда болады, бірақ ұғымның мағынасы кең, бір сөзденде, көп сөзден де бір ұғым болуы әбден мүмкін. Ұғым түйсіктен басталады.

Ұғымды сөз жинақтап аяқтайды. Осылай ету арқылы адамның сезім күйі ұғым мазмұнын қабылдағандай дәрежеге жеткен кезеңде сөз – түйсікті ұғымға айналдыратын форма деуге болады.

Сондықтан ол екеуінің арасына тепе-теңдік белгі қоюға болмайды. Сөздің шығуы ұғымның сезім тұжырымының қабылдау актісі деуге болады.

Сөйтіп, ұғымның құралу үрдісі (процесі) түйсіктен басталып, барлық жағдайда, барлық кезеңде сөз арқылы аяқталады дегеннің өзінде оның мазмұны мағына түрінде көрінеді. Соның нәтижесінде дыбысталу мен мағынаның бірлігінен сөз кеоіп шығады. Дыбысталу мен сөз, сөз бен ұғым бір-бірімен тығыз байланысты болады. Сол ұғымның пайда болуына түрткі бола алмаса да, оның (ұғымның) құралу процесін аяқтайды.



Ұғым айналадағы заттық ақиқаттың сезімге әсер етуінен пайда болады. Адам затты ойлағанда, сол заттың аты ойымызда болады. Біз ол затты білмесек, танымасақ, оның өзінің де, түрінің де, әрекетінің де аттарын білмеген боламыз, олай болса сол заттың атауларын білмеуіміз – адам баласының ол затты танымағандығының нәтижесі болып табылады.

Адамда қандай ой туса да, ол тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөздердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Тілдік материалдан тыс жалаң ой деген болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет