К-жылдамдық константасы, реакцияласушы заттардың концентрациясы 1 тең болғанда, ол реакция жылдамдығына тең. К-әрбір рекцияның өзіне лайықты тұрақты шама, ол тек реакцияласушы заттардың табиғатына қарай және температураға тәуелді өзгертеді.
5. Катализдің әсері. Катализатор реакцияның жылдамдығын өзгертіп бірақ реакция нәтижесінде өздері химиялық өзгермей қалатын заттар.
Катализатор қатысуымен болатын процестер табиғатта да ,өнеркәсіптеде өте көп. Қазіргі заманның өнеркәсібінің 90% катализатор қатысуымен жүреді. Әрбір реакцияға өзіне тән катализатор болады. Көп жағдайда түрлі катализатор қолдану арқылы бір заттан әр түрлі өнім алуға болады.