Лектор: Х.ғ. к., доцент Жакирова Н. К



бет1/6
Дата13.09.2024
өлшемі429,7 Kb.
#204303
  1   2   3   4   5   6

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Химия және химиялық технология факультеті Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы

3 дәріс. Химия-технологиялық процестеріндегі негізгі заңдылықтары. Технологиялық процестерідегі тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы және оны анықтау әдістері.
Бакалавриат, 3 курс; мамандығы – 050720 – “Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы”, қ/б; көктемгі семестр, 3 кредит
Лектор: х.ғ.к., доцент Жакирова Н.К.
Алматы 2015

Химиялық технологияның негізгі заңдылықтары


Химия-технологиялық процесс 3 сатыдан тұрады:
  • Шикізат дайындау және оны өңдеу
  • Химиялық өзгеріс:
  • Реагенттерді реакция аймағына жеткізу молекулалардың диффузиялануы немесе конвексиялануы арқылы іске асады. Көп фазалық жүйелерде реагенттерді реакция аймағына жеткізу,

  • - газдарды адсорбциялау немесе
    - десорбциялау арқылы
    - буды конденсациялау арқылы
    - қатты затты еріту
    - сұйықтарды буға айналдыру арқылы іске асады.
  • Химиялық реакция химия-технологиялық процестің екінші және негізгі сатысы
  • Өндірілген өнімді реакция аймағынан шығару

  • - молекулаларды диффузиялау
    - конвенциялау арқылы
    - заттарды бір фазадан екінші фазаға аудару арқылы жүзеге асады
    3. Мақсатты өнім алу.
  • Егер технологиялық процесс жылдамдығы реакция жылдамдығымен шектелсе, яғни химиялық реакцияның өзі өте жай жүретін болса, онда процесс кинетикалық аймақта жүреді.

  • Мұндай технологиялық процестердің жылдамдығын арттыру үшін:
  • Бастапқы реагенттердің концентрациясын көбейту;
  • Температураны жоғарылату;
  • Қысымды жоғарылату;
  • Катализатор қолдану керек.

  • 2. Егер технологиялық процесстің жалпы жылдамдығы реакцияласушы реагенттерді реакция аймағына жеткізу жылдамдығымен немесе өнген өнімдерді реакция аймағынан шығару жылдамдығымен шектелінсе – процесс диффиязиялық аймақта жүреді.
    Мұндай процестерді жылдамдату үшін диффузия жылдамдығын арттыру керек. Ол үшін:
  • Араластыру процесін жеделдету;
  • Ұсақтау;
  • Концентрацияны жоғарылату;
  • Системаны гомогендеу керек.

  • 3. Егер технологиялық процестің барлық сатыларының жылдамдығы шамалас болса, процесс өтпелі аймақта жүреді.
    Мұндай процестің жылдамдығын арттыру үшін диффузияға және химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторларды өзгерту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет