Лектор: Керимбек А. К. Алматы 2023 жыл Дәрісте қаралатын сұрақтар



бет2/3
Дата17.02.2023
өлшемі246,81 Kb.
#169139
1   2   3
Байланысты:
дәріс -3

Геоморфологияның тарихы

  • Қазақстанның жер бедері жөніндегі мақалалар ғыл. әдебиеттерде 19 ғ-дың орта кездерінде пайда болды. Жер бедерін зерттеуді кезінде Ш. Уәлиханов пен П.П. Семенов-Тян-Шанский бастаған. Олар алғаш рет Іле Алатауының орографиясын сипаттаған. Қазақстан геоморфологиясын зерттеуге Н.Г. Кассин, Г.М. Медоев, Н.Н. Костенко, т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. 1943 ж. И.П. Герасимов “Қазақстан геоморфологиясының қазіргі проблемалары” атты кітапты жариялады. Таулы аудандарды зерттеу нәтижесінде 1945 ж. “Оңт.-шығыс Қазақстан тауларының геоморфологиялық картасы” басылып шықты. Республикада Г-ның қалыптасуы мен одан әрі дамуына Қазақстан ғылым академиясының Қ.И. Сәтбаев атынд. Геол. ғылымдар ин-тында Геоморфология және төрттік геология бөлімінің ұйымдастырылуы (1946) ықпал етті. Бұл бөлімде жалпы және аймақтық Г-ның көптеген теориялық мәселелері шешілді. Бүкіл Қазақстан жер бедерінің морфологиясын, түзілуін, жасын көрсететін геоморфол. карталар жасалды; төрттік шөгінділер мен неотектоника, жер бедерін түзуші процестер (карстық, эолдық, дефляциялық, антропогендік, т.б.) зерттелді. Кен байлықтарының қалыптасу жағдайларын анықтау, мұнайлы-газды құрылымдарды іздеуге байланысты көптеген қолданбалы геоморфол. зерттеулер атқарылды. З.А. Сваричевскаяның “Орта Азия мен Қазақстан геоморфологиясы” (1965) және М. Жандаевтың “Іле Алатауының геоморфологиясы және өзен аңғарларының қалыптасу проблемалары” (1972) атты монографиялары Қазақстанның геоморфол. жағдайын анықтаудағы маңызды қорытындылар болып табылды. Қазақстанның Геоморфология ғылымына одан кейінгі жылдары Ә.Сәрсеков, Е.Нұрмәмбетов,Е.Тапалов,Б.Әубәкіров, Ж. Дүйсебаев, А.Медеу, Л.Веселова, С.Құсайынов, т.б. көп үлес қосты.

Геоморфология — Жер бетінің тарихи дамуындағы бедерін, сондай-ақ Айдың және тағы да басқалары Күн жүйесінің бірқатар планеталары бетінің бедерлерін зерттейтін, география мен геология ғылымдарына бірдей қатысты сала. Геоморфология құрлық пен теңіз түбі бедерлерінің сырт бейнесін (морфография мен морфометрия), оның әр түрлі пішіндерінің пайда болуын, жасын, құрылысын, даму және таралу ерекшеліктерін, эндогендік және экзогендік процестердің (генетикалық Геоморфология), сондай-ақ антропогендік факторлардың бедердің қалыптасуына әсерін зерттейді. Жалпы Геоморфология (бедер қалыптасу мәселелерінің барлық кешенін қарастыратын), жеке-даралық Геоморфология (қандай да бір мәселені шешуде маңызы бар бедерді бір немесе бірнеше көрсеткіші бойынша зерттеу), аймақтық Геоморфология (кандай да бір аймақтың немесе бүкіл Жердің бедерін зерттейтін) деп бөлінеді. Геоморфологияның құрамынан құрылымдық Геоморфология, климаттық Геоморфология, теңіз Геоморфологиясы, серпіндік (динамикалық) Геоморфология, қолданбалы Геоморфология (іздесгіру, инженерлік), сондай-ақ палеогеоморфология жеке бөлініп шықты. Геоморфология гляциологиямен, тектоникамен (оның ішінде неотектоникамен), төрттік геологиямен, вулканологиямен, спелеологиямен, карсттанумен және баска географиялық, геологиялық пәндермен тыгыз байланысты. Геоморфологияның деректері пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруде, жолдар мен құрылыстарды жобалауда, эрозиямен, дефляциямен, жылжымалармен, селдермен, көшкіндермен және табиғаттың баска да қолайсыз процестерімен күрес шараларын қарастыруда пайдаланылады.

  • Геоморфология — Жер бетінің тарихи дамуындағы бедерін, сондай-ақ Айдың және тағы да басқалары Күн жүйесінің бірқатар планеталары бетінің бедерлерін зерттейтін, география мен геология ғылымдарына бірдей қатысты сала. Геоморфология құрлық пен теңіз түбі бедерлерінің сырт бейнесін (морфография мен морфометрия), оның әр түрлі пішіндерінің пайда болуын, жасын, құрылысын, даму және таралу ерекшеліктерін, эндогендік және экзогендік процестердің (генетикалық Геоморфология), сондай-ақ антропогендік факторлардың бедердің қалыптасуына әсерін зерттейді. Жалпы Геоморфология (бедер қалыптасу мәселелерінің барлық кешенін қарастыратын), жеке-даралық Геоморфология (қандай да бір мәселені шешуде маңызы бар бедерді бір немесе бірнеше көрсеткіші бойынша зерттеу), аймақтық Геоморфология (кандай да бір аймақтың немесе бүкіл Жердің бедерін зерттейтін) деп бөлінеді. Геоморфологияның құрамынан құрылымдық Геоморфология, климаттық Геоморфология, теңіз Геоморфологиясы, серпіндік (динамикалық) Геоморфология, қолданбалы Геоморфология (іздесгіру, инженерлік), сондай-ақ палеогеоморфология жеке бөлініп шықты. Геоморфология гляциологиямен, тектоникамен (оның ішінде неотектоникамен), төрттік геологиямен, вулканологиямен, спелеологиямен, карсттанумен және баска географиялық, геологиялық пәндермен тыгыз байланысты. Геоморфологияның деректері пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруде, жолдар мен құрылыстарды жобалауда, эрозиямен, дефляциямен, жылжымалармен, селдермен, көшкіндермен және табиғаттың баска да қолайсыз процестерімен күрес шараларын қарастыруда пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет