Lesson study кәсіби даму мен білім беруде нәтижеге жетудің тиімді жолы



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі1,47 Mb.
#27130
  1   2   3
Lesson study - кәсіби даму мен білім беруде нәтижеге жетудің тиімді жолы.

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Бекарыстан би ауылы

№24 мектептің

ІІ санатты

Ағылшын тілі пән мұғалімі

Жунусова Гүлзат Аймаханқызы

ІІІ деңгей тыңдаушысы
Баяндаманың мақсаты:
1. Өмірге жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани-интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу, білім беру;
2. Lesson Study тәсілін тәжірибеге ендіруге ықпал ету;
3. Берілген тапсырмаларды жаңа технологияның көмегімен сауатты, шапшаң орындауға үйрету.

Мазмұны

І. Кіріспе

Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытуда – педогогтың ролі
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Lesson study - кәсіби даму мен білім беруде нәтижеге жетудің тиімді жолы

2.2. Lesson Study – біздің тәжірибемізде.
ІІІ. Қорытынды.

І. Кіріспе

Үш  тұғырлы  тіл саясаты - бұл Елбасының  халыққа қойған міндеті. Қазақ тілі – бұл мемлекеттік тіл, әрине, әр елдің мемлекет болып қалыптасуы үшін мемлекеттік тілдің  орны ерекше. Орыс тілі – заңға сай ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –  халықаралық  тіл, сіздің  шетелге аяқ  басуыңызда  ажырамас  құралыңыз.  

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі рол білім беру жүйесінде алып отыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты: сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге жетуі үшін жасалап жатқан талпыныстар жаңа әдіс-тәсілдерді жітік меңгерген ізденімпаз, шығармашыл, терең білімді меңгерген құзіретті педогогтарды талап етеді.

А. Байтұрсынов өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «….Педагог қандай болса, білім ордасы, пәні сондай болмақшы. Яғни педагог білімді болса, ол білім ордасынан шәкірттер де көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі білім ордасына керегі – білімді, педагогика және методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін педагог».

Педагог — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс!

Шәкірттің ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту үшін педагог барлық мүмкіншілігін пайдаланады. Өйткені жай сабақ құнарсыз тамақ секілді, адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар педагогтың ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады.

Қазіргі уақытта педогогика саласында көптеген жаңаша әдіс- тәсілдер тәжірибеге енгізілуде. Тиімді нәтижеге жеткен тәсілдің бірі – Lesson Study.

Lesson Study –дегеніміз не? Оның мақсаты мен міндеттері қандай?

Оны тәжірибемізде қолданысқа енгізу арқылы нәтижесінде біз неге қол жеткізе аламыз?





ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Lesson study - кәсіби даму мен білім беруде нәтижеге жетудің тиімді жолы.

Lesson Study – мұғaлiм тәжipибeci caлacындaғы бiлiмдi жeтiлдipугe бaғыттaлғaн, caбaқтaғы ic - әpeкeттeгi зepттeудiң epeкшe үлгici бoлып тaбылaтын пeдaгoгикaлық тәciл.

Lesson Study ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда қолданыла бастаған. Батыста америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-ның оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары жетістікте болуын дәлелдеген. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Жапонияда Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Бұл тәсіл мектептік, аймақтық және ұлттық деңгейде өтеді. Жапониялық барлық ұстаздар Lesson Study-ге қатысады және мектептерде айына бір рет мұғалімдерге арнайы уақыт беріледі. Мектептерінде жылына бірнеше рет lesson study сессиялары жүргізіледі. Lesson Study тобын басқаруға тілек білдірген мұғалім бір ай бұрын топты ұйымдастырады, жұмыс кестесін,уақытты белгілейді. Және нәтижелерін жыл сайын жариялап отырады.

Жалпы Lesson Study-дің мақсаты т әжірибеге жаңа әдіс – тәсілдерді енгізу, оқушылардың оқу үдерісін терең бақылау, мұғалімнің болжамы мен сабақ барысында оқушылардың білімді игеруіндегі алшақтықты анықтау, мұғалімнің жеке-дара жұмыс істеуінен ынтымақтастықта кәсіби даму тәсіліне тарту, өзгерістер енгізу және оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін жақсарту болып табылады.

Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі. Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері - қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды. Білім беру үдерісінде шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта жұмыс істеп отырған 30 және одан да көп оқушы үлкен көлемді ақпарат өндіреді. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады (Lewis, 1999). Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын

қалай игеретінін бақылаған. Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз.. Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды. Бұл топтың құрамына басшылық өкілі мен бай тәжірибесі бар мұғалім қатысса, Lesson Study тиімді болады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр

2.2 Lesson Study тәсілі біздің тәжірибемізде.

Lesson Study үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан бірқатар қадамдар бар. Осы қадамдарға сүйене отырып мектебімізде Lesson Study өткіздік. Алғашқы Lesson Study «Жарқын белес» қауымдастық м үшелерімен өткізілді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен бірлесе отырып, Lesson Study өткізетін топ құрып, 8 «А» сыныбына 3 пәннен зерттеу сабақтарын өткізуді жоспарладық. Алғашқы зерттеу сабағын ІІ деңгей тыңдаушысы, І санатты математика пәнінің мұғалімі Қожабаева Айсұлу, екінші сабақты ағылшын тілі пәнінен мен Жүнісова Гүлзат, үшінші зерттеу сабағын тарих пәнінің мұғалімі Дидаров Рамазан өткізді. Бұл LessonStudy-дегі оқу мақсаты: Қалыптастырушы бағалау түрлерін пайдалану арқылы өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру. Критериалды бағалау, топтық, жұптық, өзін – өзі бағалау , мақтау,марапаттау секілді бағалау стратегияларын сабақ жоспарына енгіздік. А В С деңгейлі оқушыларды зерттеу арқылы жоспарға енгізілген бағалау стратегиялары оқушыға қай деңгейде әсер еткендігі анықталды. Сабақтың әр кезеңінен күтілетін нәтижеге оқушылардың қай деңгейде жеткендігін анықтадық.Нәтижесінде критериалды бағалаудың оқушының білім алуына тиімді әсер еткенін байқадық. А деңгейлі оқушылар критерилерден жоғарғы көрсеткіш жетіп жатса, В және С деңгейлі оқушыларда осы критерилерден жоғары ұпайға жетуге талпыныс байқалып отырды. Ал, сабақ барысында жүріп отырған мақтау мен марапаттау балаларды шабыттандырып, өздерін көрсете білуге ұмтылдырып отырды.



1-сурет 2-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет