Lesson study кәсіби даму мен білім беруде нәтижеге жетудің тиімді жолы



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі1,47 Mb.
#27130
1   2   3

3-сурет 4-сурет

Екінші Lesson Study ағылшын тілі мұғалімдерінің ұсынысымен өткізілді.Ағылшын тілі мұғалімдерімен алғашқы отырыста білім беру үдерісінде диологтық оқыту әдісін жетілдіруді мақсат етіп қойдық. Lesson study – дегі оқыту мақсаты: «Диалогтық әңгімені дамыту арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін арттыру» Жалпы оқушылардың тілдік дағдысының қалыптаспауы, ауызекі сөйлеу қабілетінің төмендігі ағылшын тілі пәнінің ең басты мәселесі болып табылады. Сол себепті диологтық әңгімені өрбітетін әдіс-тәсілдерді жоспарымызға енгізуді жөн көрдік.

Зерттеу сабақтарында «оқушы мен оқушы» және «оқушы мен мұғалім» арасындағы диологты өрбітетен «Репортер», «Джигсо» , «Жартыңды тап»,

«Стоп кадр» , « Құпия зат» әдістері; қадағалау , аналитикалық, кеңейтілген сұрақтарды сабақ жоспарына енгіздік.

Осы зерттеу сабақтарын өткізу барысында, бақылаушы мұғалімдер зерттелетін үш оқушыны басты назарға алып, әдістердің оқушыларға тиімділігін қадағалап, қажет деген жерлерін белгілеп, түртіп алып отырды. Зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргіздік. Талқылау белгіленген сұрақтар бойынша жүрді:





  • Таңдап алынған әдіс-тәсілдің оқушылардың білім алуына тигізген әсері қандай болды?

  • Алдын-ала болжанған болжамдарға қай деңгейіне жеттік?

  • Lesson Study-ді өткізудің нәтижесі қандай болды?

  • Тиімділігі не?

  • Тиімсіздігі неде?

  • Келесі зерттеу сабағының жоспары қандай болмақ?

Жоспарланған әдіс – тәсілдер соның ішінде «Репортер» әдісін қолданғанда оқушылар өте жақсы көңіл-күйде болды. Ағылшын тілінде сұрақтар қоюға, оларға жауап беруге тырысып, талпыныстарын көрсетті. С деңгейлі С есімді оқушыда алаңдаушылық байқала бастады. Соңғы сабақта оқушы өте белсенді ат салысып, өз мүмкіндіктерін толықтай іске асырып В деңгейге көтерілді.

5-сурет 6-сурет 7-сурет



1-сызба 2-сызба 3-сызба



4-сызба 5-сызба 6-сызба

Жоспарланған 3 зерттеу сабағын өткізу нәтижесінде Lesson Study тәсілі тиімді тәсіл екені анықталды, себебі ол мұғалімдерге бір-бірімен тығыз байланыста болып, тәжірибе алмасып отыруға көмектеседі. Ал сабақты бірлесіп жоспарлау өте тиімді екенін көрсетті. Жан-жақта талқыланып, жоспарланған сабақ жоспары өте жүйелі жасалады. Оқушыны мүмкіндіктерін жаңа қырынан көруге септігін тигізеді. Әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруде, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуде тиімді әдіс екендігіне көз жеткіздік.Оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсіндік.Басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында бірлесе жұмас жасауына қол жеткіздік.

Мұғалімдер үшін не сәтті болды?



  • Мектебіміздің ағылшын тілі пән мұғалімдерінің бір – бірімен тығыз байланыста болуы;

  • Тәжіриде алмасып отыруы;

  • Сабақты бірлесіп жоспарлауы;

  • Мұғалімнің кәсіби дамуына септігін тигізуі;

  • Желілік қауымдастық аясында бірлесіп жұмыс жасауы;

  • Педагогикалық біліммен қатар, пәндік білімді тереңдетуі;

  • Сабақтың сапасын жақсартуы;

  • Мұғалімдерде сабақты бақылау және кері байланыс жасау дағдыларын қалыптастыруы;

  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударуы.

Оқушылар үшін не сәтті болды?



  • “Құрастыр содан кейін жауап бер” әдісі арқылы оқушыларды сыни ойлауын дамыту;

  • “Репортер”, “Джигсо” әдістерін қолдану арқылы оқушы мен оқушы арасында диалог өрбуі;

  • Оқушылардың топта,жұпта ынтымақтастықта жұмыс жасауы;

  • Зерттеу сабақтарында оқушылардың белсенділігінің артуы;

  • С деңгейлі оқушылардың білім алуға талпысының күшеюі


ІІІ. Қорытынды

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті.Бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған осындай педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

«Жақсы мұғалім әр уақытта қат, қымбат, өйткені ол — мектептің жүрегі» деп ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі – жақсы мұғалім.

Біздің жалпы білім беретін орта мектеп жұмысында жаңа әдіс – тәсілдердірудегі мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу. Осы мақсаттарға әлемдік деңгейдегі жетістікке жеткен тиімді тәсіл Lesson Study – ді өз тәжірибемізге енгізу арқылы жетеміз деп түжырымдадым.



Сілтемелер:
1-сурет. Оқушылардың топтық және өзін-өзі бағалау парақшалары.

2-сурет. Бақылаушы мұғалімдердің А В С деңгейлі оқушыларды зерттеу парақшалары.

3-сурет. Қауымдастық мүшелерінің сабақты бақылау сәті.

4-сурет. Бағалаудың түрлі әдіс-тәсілдерінің оқушыларға білім алуына әсер етуі.

5-сурет. Бақылаудағы А деңгейлі А есімді оқушы.

6-сурет. Бақылаудағы В деңгейлі Н есімді оқушы.

7-сурет. Бақылаудағы С деңгейлі С есімді оқушы.

1-сызба. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж. Керімбердиевтің А деңгейлі оқушыны зерттеу парақшасы.

2-сызба. Н. Жарылқасынның В деңгейлі оқушыны зерттеу парақшасы

3-сызба. А. Меңдалиеваның С деңгейлі оқушыны зерттеу парақшасы

4-сызба. А деңгейлі оқушының 3 сабақтағы білім жетістігінің көрсеткіші.

5-сызба. В деңгейлі оқушының 3 зерттеу сабақтарындағы білім көрсеткіші.



6-сызба. С деңгейлі оқушының білім көрсеткіші.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Ағылшын тілін оқытудың әдістемелігі». №5-6. 2016ж

  2. «Ізденіс жолы». Республикалық ақпараттық танымдық, педогогикалық журналы. № 4 2015

  3. «Талқылауға арналған тапсырмалар». Қызылорда - 2014.

  4. «Мұғалімге арналған нұсқаулық». 2014 ж

  5. «Баяндама». Білімділер порталы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет