«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша есеп


Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі



бет6/6
Дата10.05.2020
өлшемі0,86 Mb.
#67025
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Lesson study есеп Иват

Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.

  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

  • Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

  • Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.

  • Оқушының оқуы жақсарады.

  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.

  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық. Осы жолда, алла сіздерге күш-қуат берсін!

Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Студент тақырыпты жақсы меңгеруі үшін  бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп,  соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.



Қай кезде  де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған  ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

Жаңа форматтағы  біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңа форматтағы мұғалімдер қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы мұғалім   деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды  мақсатқа айналдыруы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет